Жаңалықтар және уақиғалар
| 12 Декабрь 2013 |
№2 қалалық балалар ауруханасында Тәуелсіздік күніне арналған ерекше концерт өтті
Қыс мерзімі мен алғашқы қар жапалақтап жауғаннан кейін барлығымыз жақсы мереке, қуаныш күтеміз, әсіресе уақытша мерзімде далаға шығып, қар қылауымен ойнай алмайтын немесе далада асыр салып жүгіре алмайтын балалар мерекелерді екі есе күтеді. Ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні мекемеміздің мәжіліс залында осындай балаларға арнап, ерікті түрдегі бағдарлама шеңберінде режиссер Бақытжан Тәжинмен бірлескен түрдегі «SOS» балалар ауылы мен «D arts» естімейтін актерлер театрының тәрбиеленушілерімен әзірленген ерекше концерті өтті.
|
|
|
| 04 Декабрь 2013 |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
2013 жылдың 29 қарашасында «НұрОтан» партиясының Алматы филиалы өкілдерінің қатысуымен, №2 қалалық балалар ауруханасы мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік күнді таңдауға 1991 жылдың 1 желтоқсанында болған бірінші бүкілхалықтық таңдауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының Президенті қызметіне сайлануы себеп болды.
|
|
|
| 22 Ноябрь 2013 |
«Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренинг өткізілді
2013 жылдың 2 ақпанында Салалық екіжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясы шешімін орындау мақсатында «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып 2013 жылдың 20-21 қарашасында «Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренингті ұйымдастырып өткізді. Семинарда дәріс оқушы болған - Гилёва Наталья Васильевна, заң ғылымдарының кандидаты, Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнің азаматтық құқық, азаматтық iс жүргiзу және еңбек құқығы кафедрасының доценті, ҚР Еңбек кодексін әзірлеушiлердiң бiрі.
|
|
|
| 12 Ноябрь 2013 |
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық колледжінде «Қамқоршы күні» аясында «Аялы алақан» атты ашық есік күні өтті
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы медициналық колледждің мәжіліс залында 2013 жылдың 12 қараша күні алғаш рет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерді қамқорлығына алған азаматтарға арналған «Қамқоршы күні» аясында «Аялы алақан» атты ашық есік күні өтті.
Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бастамасымен 29 қазан - Қамқоршылар күні мерекесі атап өтіледі.
|
|
|
| 07 Ноябрь 2013 |
Ең төменгi әлеуметтiк стандарттармен Қазақстан азаматтарын заңнамалық қамтамасыз ету
www.fprk.kz 2013 жылдың 6 қарашасында ҚР Парламент мәжiлiсiнде «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: орныққан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» ҚР президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауынан шығатын «Ең төменгi әлеуметтiк стандарттары бар Қазақстан азаматтарын заңнамалық қамтамасыз ету: болашағы, шешу жолдары» тақырыбында Дөңгелек үстел болып өтті.Осы мәжiлiске ҚР кәсiподақтар федерациясының төрағасы Әбiлғазы Құсайынов қатысты және өз баяндамасымен сөз сөйледi.
|
|
|
| 07 Ноябрь 2013 |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған Алматылық декларацияның 35 жылдығына арналған «МСАК» инновациясы арқылы денсаулық сақтаудың жалпыға бiрдей қамтуына қарай» тақырыбындағы Халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады
ҚР денсаулық сақтау министрлiгiнің /http://www.mz.gov.kz/ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша бүгiн медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған Алматылық декларацияның 35 жылдығына арналған «Медициналық-Санитариялық Алғашқы Көмектің» инновациясы арқылы денсаулық сақтаудың жалпыға бiрдей қамтуына қарай» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова төрағалық еткен Халықаралық конференцияның 6 сессия жұмысы жақтау пiкiрсайысымен аяқталды. Пленарлық сессияда министр осы күні конференцияның қатысушыларында көптеген жаңа және қызықты пікірлер туғандығына сенiмдiлiк бiлдiрдi.
|
|
|
| 01 Ноябрь 2013 |
2013 жылдың 30 қазан күні Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық колледжінде» «Студенттікке қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті
Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған іс-шараның бет пердесін колледж директоры А.Н.Саржанова құттықтау сөзімен ашты.
Мерекелік кеште студенттер медицина құдайы Асклепий, Гигея мен Панацеянының рөлін өте шебер ойнап шықты. Колледж кәсіподағы залды безендіруге ат салысты.
|
|
|
| 01 Ноябрь 2013 |
Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтті
2013 жылдың 28 қазанында Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің кезектентыс отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ қаралды:
1. ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымын есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге қабылдау туралы.
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымында сайланған кәсіподақ төрағаларын бекіту туралы.
3. «ҚР Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренингті дәріскер Н.В. Гилевамен ұйымдастыру туралы.
4. Кәсіподақ белсенділеріне арналған Кишинев қаласында өтетін «Кәсіподақ қазіргі жағдайда» атты курстық оқуға кандидатураны анықтау туралы.
|
|
|
| 10 Октябрь 2013 |
Қазақстан Кәсіподақтары Күніне орай мерекелік іс-шара өтті
2011 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының (ҚРКФ) Бас Кеңесі 10 қазан күнін Қазақстан Кәсіподақтары Күні, кәсіподақ жұмысшыларының жыл сайын тойлайтын кәсіби мерекесі етіп бекітті. Кәсіподақтар күні құрметіне Федерация және оған мүше ұйымдар жыл сайын кәсіподақ қозғалысын насихаттауға, оның әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы беделі мен рөлін көтеру үшін және еңбекшілер құқығы күресінде бірлік пен ынтымақтастықты нығайту үшін іс-шаралар өткізеді.
|
|
|
| 09 Октябрь 2013 |
9 қазан күні № 5 қалалық емханада Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған «Бізде жастарға әрдайым жол ашық!» атты байқау өтті. Байқау жұмыс өтілі 1 жылдан 2 жылға дейінгі жас маман дәрігерлер арасында өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас мамандардың жұмысқа қабілеттілігін жақсарту, жастардың рухани – адамгершілік қасиеттерін нығайту және тәрбиелеу, олардың интелектуалды, жеке басының және шығармашылық әлеуеттерін көтеру, жас мамандарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
|
|
|
< 10 11 12 13 14 >
Блог
Пошта
Пайдалы сілтемелер