Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

22 Ноябрь 2013
«Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренинг өткізілді

2013 жылдың 2 ақпанында Салалық екіжақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясы шешімін орындау мақсатында «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып 2013 жылдың 20-21 қарашасында «Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренингті ұйымдастырып өткізді. Семинарда дәріс оқушы болған - Гилёва Наталья Васильевна, заң ғылымдарының кандидаты, Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнің азаматтық құқық, азаматтық iс жүргiзу және еңбек құқығы кафедрасының доценті, ҚР Еңбек кодексін әзірлеушiлердiң бiрі.

 
Осы семинар арқасында еңбек дауларын және шиелениістерін алдын алу, әлеуметтік әріптестік институтын дамыту, кәсіподаққа кірудің  мотивациялық себептерін жақсарту, ұжымдық келісім-шарт арқылы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету сынды маңызды мақсаттарға қол жеткізілетін болады. Кәсiподақтардың пікірі бойынша Ұжымдық келiсiм-шарт денсаулық сақтау салсында лайықты жұмыс iстеуді қамтамасыз етуi керек, бұл дегеніміз толық және өнiмдi жұмыспен қамтылу, сау еңбек жағдайлары және әдiл еңбекақы. Дамудың келешегi және ұйымда биiк сапалық көрсеткiштерiнiң жетiстiгi тек нығайтылған және бiртұтас жетiстiкке бағдарлалған ұжымда ғана болуы мүмкiн. Кәсiподақтар өз саясатында сондықтан да өзара iс-әрекет, ынтымақтастық негiзінде денсаулық сақтаудың ұйымымен бірлесе отырып бiрқалыпты дамулармен қамтамасыз етуге ұмтылады және жұмыс берушi мен қызметкер аралығындағы әрiптестiкке ұмтылады. Денсаулық сақтаудың өткiзiлетiн реформасы қызметкерлердiң жағдайын ұжымдық келiсiмшарт арқылы жақсартуға мүмкiндiк бередi. Менеджментте тәуелдiлiк, тәуелсiздiк және өзара тәуелдiлiк ұғымы бар. Егер тәуелдiлiк ұғымы жауапкершiлiктiң және шығармашылық тәсiлдің жоқтығын білдірсе, онда тәуелсiздiк әріптестерді тиiмдi және жауапты шешiмдерге шақырады. Бiрақ нақты тиiмдi саясат тараптардың әрқайсысы өзара тәуелдiлiктi ұғынып, қашанда болмасын өз мүмкiндiктерін бiле тұра, өзара тиiмдi ынтымақтастықты пайдаға саралауды насихаттайды және әрқашанда «біз» дейді. Ұйымдағы жетiстiк нәтижеге және ресурстар мен құралдарға, соның ішінде адами ресурстарға елеулі зейін болған кезде ғана орын алады. Әріптестіктегі осы ерекше қатынас ұжымдық келiсiм-шартта түсiнiктi және тиiмдi түрде көрініс табуы қажет. Кәсіпорындағы  табысты стратегия үшін *тиісті ұйымдастырушылық, *басқару әдістері, *ұйымдастырушылық мүмкіндіктер, *марапаттау жүйесі, *корпоративтік мәдениет болуы шарт. Бiздiң қызметiміз жалпы алғанда отанымыздың игiлiгіне бағытталған. Осындай жаhандық мақсаттарды осы семинардың ұйымдастырушылары өздері үшiн қоя білді.
Семинар-тренинг тартымды және өте жоғары деңгейде, тренер мен қатысушылардың белсенді түрде өзара қарым-қатынасты орнату арқылы өтті. Семинарға кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, бас дәрігерлер, заңгерлер және адами ресурстарды басқару бөлімдерінің басшылары қатысты. Дәріс оқыған Н.В. Гилеваның жоғары біліктілігі, ҚР Еңбек кодексінің теориялық және тәжірибелік мінсіз білімі семинарға қатысушыларды сөзсіз еліктірді. Тыңдармандар Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы саласындағы мағлұматтарды тереңдетіп меңгерді және білім өрісін кеңейтті, ҚР Еңбек кодексі нормасына дұрыс түсінік жасауда, сонымен қатар, еңбек келісім шартын жасауда және жұмыс беруші актісін дайындауда тәжірибе дағдысын алды.