Жаңалықтар және уақиғалар
| 13 Январь 2014 |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысында өткен кеңестің хаттамасы
|
|
|
| 13 Январь 2014 |
Астана қаласындағы еңбекақы
 Астана қаласындағы еңбекақы. Астана әкімдігі сайтында берілген инфографика.
http://astana.gov.kz/kk/modules/material/3467
|
|
|
| 27 Декабрь 2013 |
Жаңа жыл қарсаңында денсаулық сақтау ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өтуде
2013 жылы 26 желтоқсан күні балаларға арналған Астана қаласы «Медициналық колледж» МКҚКкәсіподақ шыршасы өтті.
Жаңа жыл мерекесіне үлкен дайындықпен келген жас бүлдіршіндерді колледж студенттері әртүрлі жыл хайуанаттарының киімін киіп, қарсы алды.Жаңа жылға байланысты ұйымдастырылған таңертеңгілікке балалармен бірге ата-аналар да қонақ болды.
Балалар Аяз Ата мен Ақшақаррды қарсы алып шыршаны айнала би биледі. Жаттаған өлеңдерін айтты. Ол үшін аяз ата сыйлықтар тарқатты.
Іс-шарада студенттер өздерінің дайындаған жаңа жылдық концерттерін қойды. Көрініс көрсетті. Кешке келген балалар мәз мейрам болып тарқасты.
|
|
|
| 26 Декабрь 2013 |
Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Бердалыұлы Мыңбаевтың басшылығымен Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесі жұмысының қорытындысы жасалды және 2014 жылға міндеттемелер белгіленді. 2013 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесінің «Федерация кәсіподақтарының қаржы саясатын нығайту тұжырымдамасы туралы» және «Кәсіподақ қозғалысын жетілдірудегі бірінші кезектегі шаралар мен ағымдағы жағдайы туралы» қабылдаған қаулыны орындау үшін сұрақтар талқыланып, шешімдер қабылданды.
|
|
|
| 20 Декабрь 2013 |
Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиал Кеңесінің 2013 жылдағы қорытынды отырысы өтті
2013 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Астана қаласы филиалындағы Кеңестің отырысы өтті. Отырысты филиалдың төрағасы Б. Тәжібай кіріспе сөзбен ашып жүргізді. Кеңес мүшелері күн тәртібін бекіткеннен кейін, дайындаған жоба құжаттарымен танысты және филиалдың қызметіне қатысты талқылауды есепке ала отырып, бірқатар нақты шешімдерді қабылдады. Күн тәртібінде 3 сұрақ қаралды.
|
|
|
| 20 Декабрь 2013 |
Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің 2013 жылдағы қорытынды отырысы өтті
2013 жылғы 19 желтоқсанда«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы»ҚБ Астана қаласы филиалындағы Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырысты филиалдың төрағасы Б. Тәжібай кіріспе сөзбен ашып жүргізді. Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібін бекіткеннен кейн, дайындаған жоба құжаттарымен танысты және филиалдың қызметіне қатысты талқылауды есепке ала отырып, бірқатар нақты шешімдерді қабылдады.Күн тәртібінде 5 сұрақ қаралды.
|
|
|
| 18 Декабрь 2013 |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу
2013 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты Астана қаласы туберкулезге қарсы диспансердің мәжіліс-залында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астаналық филиалының төрағасы Б.А.Тәжібайдың қатысуымен салтанатты жиналыс өтті. Аудиторияда еліміздің өткен екі он жылдығындағы көптеген жетістіктері туралы, Тәуелсіздік Күні тарихы бойынша баяндама жасалды. Астана қаласы ТҚД бас дәрігері Б.Т. Бұлдыбаев құттықтау сөз сөйлеп, диспансер қызметкерлеріне ерен еңбектері үшін грамоталар және гүлдер табыс етті.
|
|
|
| 14 Декабрь 2013 |
Мемлекеттік наградалар тапсыру
akorda.kz сайтынан ақпарат қолданылған. Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.
|
|
|
| 13 Декабрь 2013 |
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын, Ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы мемлекеттік сыйлықты, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын тапсыру рәсімі
akorda.kz Мемлекет басшысы рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде баршаны еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік Күнімен құттықтады.
– Осынау маңызды күн қарсаңында, қалыптасқан дәстүр бойынша, біз өз еңбектерімен ерекшеленген азаматтарды марапаттау рәсімін өткіземіз. Бұл дәстүрдің мәнін терең түсіну керек. Мемлекеттік наградаларға еліміздің дамуына елеулі үлесін қосқандар ие болады. Демек, бұл – жекелеген азаматтардың емес, бүкіл халықтың еңбегінің бағалануы, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен тыныштықты өзінің ең басты байлығы санайтын еліміз үшін Парламент Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын бекіткенін атап өтті.
|
|
|
< 9 10 11 12 13 >
Блог
Пошта
Пайдалы сілтемелер