Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

07 Ноябрь 2013
Ең төменгi әлеуметтiк стандарттармен Қазақстан азаматтарын заңнамалық қамтамасыз ету

www.fprk.kz 2013 жылдың 6 қарашасында   ҚР Парламент мәжiлiсiнде «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: орныққан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты»  ҚР президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауынан шығатын «Ең төменгi әлеуметтiк стандарттары бар Қазақстан азаматтарын заңнамалық қамтамасыз ету: болашағы, шешу жолдары» тақырыбында Дөңгелек үстел болып өтті.Осы мәжiлiске ҚР кәсiподақтар федерациясының төрағасы Әбiлғазы Құсайынов қатысты және өз баяндамасымен сөз сөйледi. 

07 Ноябрь 2013
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған Алматылық декларацияның 35 жылдығына арналған «МСАК» инновациясы арқылы денсаулық сақтаудың жалпыға бiрдей қамтуына қарай» тақырыбындағы Халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады

ҚР денсаулық сақтау министрлiгiнің /http://www.mz.gov.kz/ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша бүгiн медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсетуге арналған Алматылық декларацияның 35 жылдығына арналған  «Медициналық-Санитариялық Алғашқы Көмектің» инновациясы арқылы денсаулық сақтаудың жалпыға бiрдей қамтуына қарай» тақырыбындағы  Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова төрағалық еткен Халықаралық конференцияның 6 сессия жұмысы жақтау пiкiрсайысымен аяқталды. Пленарлық сессияда министр осы күні конференцияның қатысушыларында көптеген жаңа және қызықты пікірлер туғандығына сенiмдiлiк бiлдiрдi.

01 Ноябрь 2013
2013 жылдың 30 қазан күні Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық колледжінде» «Студенттікке қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған іс-шараның бет пердесін колледж директоры А.Н.Саржанова құттықтау сөзімен ашты.
Мерекелік кеште студенттер медицина құдайы Асклепий, Гигея мен Панацеянының рөлін өте шебер ойнап шықты.  Колледж кәсіподағы залды безендіруге ат салысты.

01 Ноябрь 2013
Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтті

2013 жылдың 28 қазанында Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің кезектентыс отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ қаралды:
1. ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымын есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге қабылдау туралы.
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымында сайланған кәсіподақ төрағаларын бекіту туралы.
3. «ҚР Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренингті дәріскер Н.В. Гилевамен ұйымдастыру туралы.
4. Кәсіподақ белсенділеріне арналған Кишинев қаласында өтетін «Кәсіподақ қазіргі жағдайда» атты курстық оқуға кандидатураны анықтау туралы.

10 Октябрь 2013
Қазақстан Кәсіподақтары Күніне орай мерекелік іс-шара өтті

2011 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының (ҚРКФ) Бас Кеңесі 10 қазан күнін Қазақстан Кәсіподақтары Күні, кәсіподақ жұмысшыларының жыл сайын тойлайтын кәсіби мерекесі етіп бекітті. Кәсіподақтар күні құрметіне Федерация және оған мүше ұйымдар жыл сайын кәсіподақ қозғалысын насихаттауға, оның әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы беделі мен рөлін көтеру үшін және еңбекшілер құқығы күресінде бірлік пен ынтымақтастықты нығайту үшін іс-шаралар өткізеді.

09 Октябрь 2013
Жас мамандар байқауы

9 қазан күні № 5 қалалық емханада Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған «Бізде жастарға әрдайым жол ашық!» атты байқау өтті.  Байқау жұмыс өтілі 1 жылдан 2 жылға дейінгі жас маман дәрігерлер арасында өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас мамандардың жұмысқа қабілеттілігін жақсарту, жастардың рухани – адамгершілік қасиеттерін нығайту және тәрбиелеу, олардың интелектуалды, жеке басының және шығармашылық әлеуеттерін көтеру, жас мамандарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. 

03 Октябрь 2013
Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті

2013 жылғы 3 қазанда «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы»ҚБ Астана қаласы филиалындағы Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырысты филиалдың төрағасы Б. Тәжібай кіріспе сөзбен ашып жүргізді. Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібін бекіткеннен кейн, дайындаған жоба құжаттарымен танысты және филиалдың  қызметіне қатысты  талқылауды есепке ала отырып, бірқатар нақты шешімдерді қабылдады.

02 Октябрь 2013
Кәсіподақ үздіктерін марапаттау

Қазақстанның кәсіподақтары Күніне арналған мерекелік шаралар аясында Астана қаласының кәсіподақтар Кеңесі өндіріс үздіктерін –кәсіподақ белсенділерін марапаттады. Кездесу барысында қалалық кәсіподақ Кеңесінің төрағасы С.Мыңбаев пен қалалық комитеттердің басшылары сөз сөйлеп, қатысушылардың кәсіподақтағы белсенді жұмыстарын атап, оларды мерекемен және еңбек жолдарындағы жетістіктерімен құттықтады.

01 Октябрь 2013
Туберкулезге қарсы диспансерде Қарттар күні атап өтілді.

Астана қаласы түберкүлезге қарсы диспансері - Астанамыздың байырғы медициналық мекемелерінің бірі. Жылдар бойы мекеменің медицина және қаржы-шаруашылық  құрылымдарында қызмет атқарып,  бүгінгі күні  зейнеткерлікке  шыққан Астана қаласында туберкулезге қарсы қызметте болған 146 зейнеткер тұрады. 2013 жылдың 1 қазанында  қарттар күнін мерекелеуге туберкулезге қарсы диспансер (ТҚД) әкімшілігі және  кәсіподақ ұйымы ерекше көңіл бөлді.

01 Октябрь 2013
№2 қалалық балалар ауруханасында Қарттар күнін атап өтті.

Біздің халқымыздың ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күніне орай  «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

 < 11 12 13 14 15 >