Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

09 Октябрь 2013
Жас мамандар байқауы

9 қазан күні № 5 қалалық емханада Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған «Бізде жастарға әрдайым жол ашық!» атты байқау өтті.  Байқау жұмыс өтілі 1 жылдан 2 жылға дейінгі жас маман дәрігерлер арасында өткізілді. Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас мамандардың жұмысқа қабілеттілігін жақсарту, жастардың рухани – адамгершілік қасиеттерін нығайту және тәрбиелеу, олардың интелектуалды, жеке басының және шығармашылық әлеуеттерін көтеру, жас мамандарға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. 

 

Байқау екі кезеңнен тұрды: 
Байқаудың 1 кезеңі:
а) емхананың ресми сайтына емделушілердің дауыс беруі.
б) емделушілердің бюллетень толтыру арқылы дауыс беруі 
       
Байқаудың   2 кезеңі:         
 а)  таныстыру картасы  (өз бөлімі туралы әңгімелеу)  
 б) үй жұмысы,    «Емделуші әрдайым хақ» сахналастыру
 в) шығармашылықномер «Мен ең таланттымын»
Байқаудың 2 кезеңінде көп дауыс жинақтаған жас мамандар қатысты. 
 
1.Бектаева Гульзира Сейсенбайқызы,
2011 жылы «Астана Медициналық университетін» «педиатрия» мамандығы бойынша аяқтаған   
Жұмыс өтілі: 1 жыл.
Қызығушылығы: ғылыми әдебиеттер оқу, аквааэробика, театр.
Девиз в работе: «Көңілді болсаң, өмірің де көңілді»
Жеке қасиеттері: тез тіл табысқыш, ұқыпты, сергек, көңілді.
 
         2.Пустоветова Лидия Ивановн педиатр
2012 жылы «Астана Медициналық университетін» бітірген.
Мамандығы:бала дәрігері
Жұмыс тағылымы: 1 жыл
Менің  қызығушылығым:  бисер тоқумен айналысу және тоқыма тоқу
Өзінің қасиеті: қайырымдылық, жауапкершілік, тұрақтылық.
Жұмысқа деген қызығушылығым: « Күлкіммен әлемге нұр шашам!»
 
3.Кульбака Анна Васильевна дәрігер – УЗД
          2010 жылы Астана медициналық университетін «бала дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы  «Ультрадыбыстық диагностика және сәулелі диагностика» қайта дайындау курсын өтті.
Жұмыс тағылымы: 1 жыл.
Менің қызығушылығым: шахмат ойнау.
Өзінің  қасиеті: қайырымдылық, жауапкершілік, белсенділік, тұрақтылық.
Жұмысқа деген ұраным: «Дұрыс диагностика- сапалы емдеу кепілі!»
4.Оспанов Болат Тимурович, статист – дәрігер
2007-2012 ж.  «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Астана Медициналық университетін» бітірген.
Жеке қасиеттері: жауапкершілік, мақсатқа талпынушылық, креативті болу, жүйелілік, оптимизм
Менің қызығушылығым: футбол, автокөлік.
Жұмыстағы ұраным: «Өзіңе қызмет еткендей жұмыс істе!».
 
Байқау қатысушылары әділ алқалары мен көрермендерді өздерінің ашықтығы мен таланттылығымен таң қалдырды, барлығына өз позитивтері мен жақсы көңіл күйлерін көрсете білді. 
Әділ қазылар құрамы:
- Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астаналық филиалының төрағасы   – Б.А.Тәжібай 
- Қалалық мәслихат депутаты   Б.У.Солсанов
- Қалалық мәслихат депутаты   Т.М.Уразалин
Байқаудың құрметті қонақтары   - еңбек ардагерлері.
 
Әділ қазылар байқауға қатысушылардың жақсы  дайындықтарын айтып, олардың қиындықтарға мойынсұнбай, турлардан өткендері үшін, сахнаға шығып өз қабілеттері мен күштерін, өнерлерін көрсете білгендері үшін құттықтап шықты.   
Кәсіподақ ұйымының төрайымы А.А.Есмұқанова айтуынша: «Жастар - біздің болашағымыз» деген сөйлемді біз жиі қайталаймыз, бірақ оның тереңде жатқан ішкі мағынасын әрдайым қабылдай бермейміз. Бүгін бұл сөздердің ерекше мәні ашылды. Бүгінгі таңда біздің мемлекетке тек білімдерімен ғана емес, сонымен қатар өз ісіне берілген, жұмысын жақсы көретін жас мамандар керек. Өмірде өз жолдарын тапқан және оны өздері іске асыру үшін барлық күштерін аянбай салушы және өз еліне пайда келтіре алатын дәрігерлер қажет»
Байқау қорытындысы бойынша барлық байқау қатысушылары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, байқау жеңімпазы Анна Васильевна Кульбака 2012 жылғы байқау жеңімпазынан мантияны қабылдады. Байқау мерекелік концертпен аяқталды.   
 


Ақпаратты №5 емхананың кәсіподақ комитеті ұсынған (Кәсіподақ комитетінің төрайымы - Есмұқанова А.А.)