Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

01 Ноябрь 2013
2013 жылдың 30 қазан күні Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық колледжінде» «Студенттікке қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған іс-шараның бет пердесін колледж директоры А.Н.Саржанова құттықтау сөзімен ашты.
Мерекелік кеште студенттер медицина құдайы Асклепий, Гигея мен Панацеянының рөлін өте шебер ойнап шықты.  Колледж кәсіподағы залды безендіруге ат салысты.

 

Жүргізушілер 1 курс студенттерін колледж тарихын, тәртібімен және олардың міндеттерімен таныстырды. Мұнан соң әрбір топ басшыларына студенттік билет, сынақ кітапшасы тапсырылды. Студенттер медицина саласында аянбай еңбек етіп, Гиппократ антына адал болатындықтарын жеткізді. Іс-шара соңы көңілді концерттік бағдарламамен ұласты.
 


Ақпаратты медколледждің кәсіподақ комитеті ұсынған (Кәсіподақ комитетінің төрайымы Абылқасымова Р.А.).