Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

10 Октябрь 2013
Қазақстан Кәсіподақтары Күніне орай мерекелік іс-шара өтті

2011 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының (ҚРКФ) Бас Кеңесі 10 қазан күнін Қазақстан Кәсіподақтары Күні, кәсіподақ жұмысшыларының жыл сайын тойлайтын кәсіби мерекесі етіп бекітті. Кәсіподақтар күні құрметіне Федерация және оған мүше ұйымдар жыл сайын кәсіподақ қозғалысын насихаттауға, оның әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы беделі мен рөлін көтеру үшін және еңбекшілер құқығы күресінде бірлік пен ынтымақтастықты нығайту үшін іс-шаралар өткізеді.

 

5 және 10 қазанда Астана қаласында Кәсіподақ күні құрметіне көптеген мерекелік іс-шаралар өтті: концерттік бағдарламалар, флеш-моб, лоторея ұтыстары, жәрмеңке,  имиджді өнімдерді тарату, кәсіподақтың ардагер қызметкерлерімен кездесу, жұмысшылар әулеті өкілдерін құттықтау, ССО «Астана МОЛЛ» және ҚРКФ аумағында ақпаратты стендтерді орналастыру, кәсіподақ билеттерін салтанатты түрде табыстау өткізілді.