| 01 Октябрь 2013 |
|
Медициналық колледжде Қарттар күніне орай салтанатты жиын өтті.
|
| 28 Сентябрь 2013 |
|
"Денсаулық"сауықтыру орталығының ашылуы
|
| 20 Сентябрь 2013 |
|
«Мегаполистер мен өңірлердің психоәлеуметтік саулығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
|
| 17 Сентябрь 2013 |
|
"Кәсіптік одақтар" туралы ҚР заңының жобасы
Үкіметте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу бойынша Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә. Құсайынов және әлеуметтік әріптестердің басшылары қатысты. Өткен жиналыста "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды. Отырыста кәсіподақтар қызметінің жақсартылуына бағытталған заң жобасы мақұлданды.
"Кәсіптік одақтар" туралы ҚР заңының жобасы (doc) «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарынреттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ |
| 16 Сентябрь 2013 |
|
Қытай Халық Республикасы Бейжін кәсіподақтар Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесінің арасындағы достық байланыс туралы Меморандумға қол қойылды
|
| 02 Сентябрь 2013 |
|
№2 қалалық балалар ауруханасында Конституция күні мерекесіне орай салтанатты жиналыс өткізілді.
Ата заңымыз біздің Тәуелсіздігіміздің нығаюына, мемлекетіміздің дамуына, ұлтымыздың, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциясы қай қырынан алып қарасақ та өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Мемлекеттілігімізді қалыптастырып, Тәуелсіздігімізді нығайтуда маңызы зор Ата заңымызды құрметтейік! Ендеше Конституция күні баршамыз үшін құтты болсын!Конституция күні мерекесіне орай мекемеміздің мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті. Дәрігер Жомарт Базарбайұлы «Ата заңымызды ардақтайық!» атты слайд түріндегі баяндама жасады. Осынау айтулы күні 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған 23 бүлдіршінге кеңселік бұйымдар салынған сөмкелер сыйлыққа берілді. Сондай-ақ осы мекемеде маңдай терін төгіп, адал қызмет атқарып келе жатқан мейірбикелер К.Ж.Абдуалиева мен Г.М.Жанулиналарды 55 жасқа толған мерей тойларымен ұжым атынан құттықтап, сыйлық берілді. Осындай игі жақсылықтар алдағы күндерде де жалғасын табады деп сенеміз. Ақпаратты №2 ҚБА кәсіподақ комитеті ұсынған. |
| 26 Июль 2013 |
|
Денсаулық сақтауда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу бойынша жұмыстар туралы ақпарат
http://www.mz.gov.kz Денсаулық сақтауда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу бойынша жұмыстар туралы ақпарат |
| 27 Июнь 2013 |
|
Кәсіподақтың Астаналық филиалында Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті
2013 жылдың 26 маусымында «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен және Кеңес мүшелерінің қатысуымен Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Мәжіліс отырсын кіріспе сөзбен ашқан және жүргізген кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалының төрағасы Б.Тәжібай болды. Атқару комитеті мүшелері күн тәртібін бекіткеннен кейін, әзірленген құжат жобаларымен танысты және болашақтағы филиал қызметінің жаңартылуы мақсатымен бірқатар шешімдер қабылдады. |



2013 жылдың 28 қыркүйегінде Іле-Алатау ұлттық парктің Түрген шатқалында, тау өзенінің жағасында толығымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы қаражатына салынған «Денсаулық» сауықтыру орталығы ашылды. Негізгі корпуста 50 мейманға дейін жайғаса алатын 25 қонақ бөлмелері орналасқан, оның ішінде люкс қонақ бөлмесі де бар. Қонақ бөлмелерінің іші ағашпен өңделген, душ, бинибар, спутниктік теледидар кіргізілген. Орталықта фитнесс-залл, йога мен аквааэробика бөлмелері қарастырылған, фин саунасы, джакузи, бассейн және волейбол алаңы салынған. Диетологтар 5 уақыттық тамақтандыруды дайындаған.
2013 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығының 60 жылдық мерейтойына орайластырылған «Мегаполистер мен өңірлердің психоәлеуметтік саулығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
2013 жылғы 11 қыркүйекте Бейжін қаласында Бейжін мен Астана қалаларының кәсіподақтары өзара түсінушілік пен достықты арттыру, ынтымақтастықты жетілдіру, Бейжін кәсіподақтар Федерациясы мен Астана қаласы кәсіподақтары Кеңесінің арасындағы достық байланысты нығайту мақсатында екіжақтық келісім негізінде меморандумға қол қойылды. Меморандумда тараптар Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының астаналары кәсіподақтарының арасындағы достық қарым-қатынасты жетілдіруді бір ауыздан қолдады.

Ата заңымыз біздің Тәуелсіздігіміздің нығаюына, мемлекетіміздің дамуына, ұлтымыздың, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциясы қай қырынан алып қарасақ та өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Мемлекеттілігімізді қалыптастырып, Тәуелсіздігімізді нығайтуда маңызы зор Ата заңымызды құрметтейік! Ендеше Конституция күні баршамыз үшін құтты болсын!












