2013 жылдың 28 қазанында Кәсіподақтың Астана қаласындағы филиалында Атқару комитетінің кезектентыс отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ қаралды:
1. ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымын есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге қабылдау туралы.
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымында сайланған кәсіподақ төрағаларын бекіту туралы.
3. «ҚР Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренингті дәріскер Н.В. Гилевамен ұйымдастыру туралы.
4. Кәсіподақ белсенділеріне арналған Кишинев қаласында өтетін «Кәсіподақ қазіргі жағдайда» атты курстық оқуға кандидатураны анықтау туралы.
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласындағы филиалына №9 қалалық емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылтай жиналысының шешіміне байланысты және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 4.3.1 т. сәйкес ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана каласындағы филиалының Атқару комитеті №9 қалалық емхананың бастауыш кәсіподақ ұйымын тіркеу нөмірі 300-1900-ОО «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне Кәсіподақтың ішкі құрылымына кіретін мүшелік ұйым ретінде қабылдауды қаулы етті.
2. Жарғы талабын сақтай отырып төрт бастауыш кәсіподақ ұйымында есеп беру – сайлау жиналысы өтті. Кәсіподақ Жарғысының 4.4.8 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласындағы филиалының Атқару комитеті қаулысымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ комитеті төрағаларын жаңадан сайлау туралы шешімдерін бекітті: Абуова Райса Қайырбекқызы - ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК – ның кәсіподақ комитеті төрайымы, Боканова Айгүл Майкенқызы – ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК-ның кәсіподақ комитеті төрайымы, Жүсіпбекова Гүлнәр Мейірбекқызы - «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК- ның кәсіподақ комитеті төрайымы, Тұрсынова Сәуле Мурзалықызы - ШҚЖ «№7 қалалық емхана» МКК-ның кәсіподақ комитеті төрайымы.
3. 2013 жылдың 2 ақпанында Салалық екіжақты әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясы шешімін орындау мақсатында «ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып 2013 жылдың 20-21 қарашасында «ҚР Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын заңды түрде реттеу» атты семинар-тренингті өткізуді жоспарлаған. Аталған тренинг компанияның топ-менеджерлеріне, заңгерлерге, қызметкерлер бойынша менеджерлерге арналған. Формат: тренинг Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес қатысушылардың және жаттықтырушының жіті әрекеттестік тәртібімен өтеді. Оқу барысында рөлдік ойындар, бизнес-кейстер, тәжірибе алмасу, өзара кеңес беру және басқада интерактивті оқу әдістері қолданылады. Семинар-тренингтің мақсаты: еңбек үдерісінде жалдамалы жұмысшыларды қолдануда пайда болған еңбек қатынасын реттейтін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы ережесін зерделеу. Меңгерілетін міндеттері: тыңдармандардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы саласындағы мағлұматтарды меңгеруі (тереңдету, білім өрісін кеңейту), әлеуметтік әріптестердің бір-бірімен, мемлекеттік ұйымдармен өзара қатынастары кезінде мүдделерін қорғау мақсатында, сонымен қатар сот инстанциясында, ҚР Еңбек кодексі нормасына дұрыс түсінік жасауда және еңбек саласын реттеуде нормативтік-құқықтық акт жұмысында тыңғылықты дағдылану, еңбек келісім шартын жасауда және жұмыс беруші актісін дайындауда тәжірибе дағдысын алу, ұжымдық еңбек дауын және жеке еңбек дауын шешу шеберлігін меңгеру. Дәріскер: Гилева Наталья Васильевна, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң ғылымы кандидаты, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті, ҚР Еңбек кодексін жасаушылардың бірі болып табылады. Семинарды өткізу көп қаражаттың жұмсауын қажет етеді. Бірақ семинар нәтижесінде мынадай мақсаттарға жетуге болады: еңбек даулары және жанжалдарының алдын-алу, әлеуметтік қатынастар институтын жетілдіру, кәсіподаққа кіру уәждеме себебін жетілдіру, еңбек келісім шарты арқылы жұмысшының әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету және т.с.с. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағының Астана қаласындағы филиалының төрағасы ұсынған ақпаратты тыңдап және талқылағаннан кейін Атқару комитеті қаржылық қолдау көзін анықтап және шығын сметасын бекітті.
4. Халықаралық Кәсіподақтар Конфедарациясы (ХКК) Бүкіл Еуропалық Өңірлік Кеңесі (БЕӨК) және Халықаралық Еңбек Ұйымының Мәскеу бюросы Молдованың Ұлттық Кәсіподақ Конфедарациясымен (МҰКК) ынтымақтастықта Қазақстан мен Қырғызстандағы Халықаралық Кәсіподақ Конфедерациясына қауымдас және әріптес ұйымдар үшін кәсіподақ қызметі қозғалысының бағыты және мақсаттары туралы, олардың басты қағидалары жайында «Кәсіподақ қазіргі жағдайда» атты екі апталық оқу курсын өткізеді. Оқу 2013 жылдың 18-28 қараша аралығында МҰКК Еңбек Институтында өткізіледі. Курс теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұрады, кәсіподақ белсенділерінің күнделікті қызметімен тығыз байланысты және жас кәсіподақ белсенділеріне (35 жасқа дейін), кәсіподақ көшбасшыларына, жақында сайланған немесе кәсіподақ ұйымының кадр резервінде тұрғандарға арналған. Оқу нәтижесінде қатысушыларға кәсіподақтың әлеуметтік институт екені туралы ұғымды қалыптастыру жоспарланған, кәсіподақтың жаңа қоғам өмірінің және оның әралуан еңбек атқарымының ортасындағы қызметтері туралы, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғаудағы зор мүмкіншіліктері мен ұйым мәдениетіне ықпалы туралы білімдер алады. Біздің филиалға курсқа қатысу үшін кісіні ұсынуға мүмкіндік берілді. Берілген талапатарға сәйкес ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласындағы филиалының Атқару комитеті семинарға қатысу үшін 1982 жылы туылған, Абуова Райса Қайырбекқызын, ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК – ның кәсіподақ комитеті төрайымын, таңдап ұсынуды бекітті.