www.fprk.kz 2013 жылдың 6 қарашасында ҚР Парламент мәжiлiсiнде «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: орныққан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» ҚР президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауынан шығатын «Ең төменгi әлеуметтiк стандарттары бар Қазақстан азаматтарын заңнамалық қамтамасыз ету: болашағы, шешу жолдары» тақырыбында Дөңгелек үстел болып өтті.Осы мәжiлiске ҚР кәсiподақтар федерациясының төрағасы Әбiлғазы Құсайынов қатысты және өз баяндамасымен сөз сөйледi.
Өз сөзінде ол кәсiподақтардың ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды қалыптастыруға қатысуына тоқталды. Ол өз баяндамасында 2012 жылы азықта, киімде, дәрi-дәрмектерде, басқа да азық-түлiкке жатпайтын тауарларда, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді (тұрмыстық-коммуналдық, көлiк, тұрмыстық) төлеуде адамның ең төменгi физиологиялық қажеттiлiктерін қамтамасыз ететін ең төменгi күнкөрiс деңгейi кәсiподақтардың алдын ала есептерi бойынша 38,5 мың теңгенi құрады, ол өз кезегінде сол жылға белгіленген ресми ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен 2,4 есе көп. Сондай-ақ, азық-түлiк тауарларына шығындар ҚР Статистика агенттiгiмен жариялаған мәлiметтерден 1,3 есе асты. Есептеу кезінде нормативтiк әдiс қолданған, ол азық-түлiк және азық-түлікке жатпайтын тауар мен қызметтерді тұтынудың нормативтерiне негiзделеді. Қазақстанда ең төменгi жалақы орташа жалақының 18,5 % құрайды, бұл әрине еңбектің нақты құныны сәйкес келмейді, бұл ретте ең төменгі еңбек ақыны анықтауы әдiстемесi жоқ.
Республикада соңғы жылдары өмiр сүру деңгейіне ықпал ететiн негiзгi көрсеткiштер күтiлетін инфляция деңгейлерiне қатысты жоғарылап отыр.
Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасын және еңбекақының минималды өлшемін анықтау бойынша қолданыстағы тәсiлдердi сақтау елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдылықтарына сәйкес келмейдi, себебi оның бойында «тiрi қалудың үлгiсiнің» барлық белгілері сақталған.
ҚР кәсiподақтарының федерациясы бiрнеше жыл бойы бұл сұрақтарды көтердi, бiрақ әзiрше нақты нәтижелер жоқ.
Бүгiнде, кейінге қалдырмастан, бiрiншiден, ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң азықтық және азық-түлiктік емес бөлiктерiнің ара қатынасын қайта қарастыру қажет, азық-түлiкке жатпайтын тауарларға белгiленген үлестерді үлкейтiп және халықтың тұтыну шығыстарының құрылымын және аймақтық климаттық шарттарды қайта есептеу керек, екiншiден, азық-түлiк себетінің құрамын өзгерту және азық-түлiк себетінің құрамына кіретін азық тұтынудың бiрыңғай нормаларын арттыру қажет, үшiншiден, «Ең төменгi әлеуметтiк стандарттар және кепiлдiктер туралы» ҚР Заңын әзiрлеудi үдету және қабылдау, төртiншiден, 1999 жылғы «Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы» ҚР Заңын қайтадан қарастыру, бесiншiден, Халықаралық Еңбек ұйымының №26 «Ең төменгі еңбек ақының анықталу рәсiмін жасау туралы», №95 «Еңбекақыны қорғау туралы» және №131 «Ең төменгі еңбек ақының анықтау туралы», сонымен бiрге №102 «Әлеуметтiк қамсыздандырудың ең төменгi нормалары туралы» конвенцияларды ратификациялау керек.
Жоғарыда айтылған шаралар лайықты ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға өтуге мүмкiндiк туғызады.