Жаңалықтар және уақиғалар
| 26 Март 2014 |
Осы жылдың 21 наурызында Мәскеуде (Ресей) Қазақстандық топ кәсіподақ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасы бойынша оқуын аяқтады
2014 жылдың 13 мен 21 наурызы аралығында Қазақстандық тыңдаушылар Мәскеу қаласында (Ресей) ТМД, Балтық елдері және Грузия кәсіподағы мамандарының біліктілігін арттыруды жүзеге асыру аясында «Көпұлтты компанияларда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу» бағдарламасы бойынша еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясында оқудан өтті. Оқуға қазақстандық топ келесі құрамда қатысты: Б.А.Тәжібай - Астана қаласы «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Кәсіподағы» ҚБ филиалының төрағасы, С.С.Бердалинова - «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің Қарағанды локомотив-жөндеу депосы филиалының кәсіподақ комитеті төрайымы, А.Ж.Бектабанов - «Қостанай облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ОЮЛ құқықтық сұрақтар бойынша бас маманы, А.К.Караманов - Алматы филиалы ТЖ Кәсіподағының төраға орынбасары, Н.А.Айтжанова - Ақтөбе облыстық экология Департаменті кәсіподақ комитетінің төрайымы.
|
|
|
| 21 Март 2014 |
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
2014 жылдың 18 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК-де Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен» атты қалалық Наурыз мерекесі өтті. Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, сондай-ақ еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Наурыз мерекесінің мағыналы да мәнді өтуіне колледждің барлық оқытушылары мен студенттері ат салысты. Киіз үй тігіліп, алтыбақанда тербелген жас қыз бен жігіт мерекенің көзайымына айналды. Мереке барысында қазақтың ұлттық ойындары «Алтыбақан», «Қазақша күрес», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ» сияқты ойын түрлері ұйымдастырылды.
|
|
|
| 11 Март 2014 |
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы медициналық колледжде атап өтілді
7 наурыз күні колледждің Холлында ер азаматтар барлық қыз-келіншектерді музыкалық сүйемелдеумен 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Колледжге кірген барлық қыз-келіншектерге ыстық лебіздер көрсетіліп, гүл шоқтары сыйланды. Құттықтауды ұйымдастыруға колледждің кәсіподақ ұйымы ат салысты.
Осы күні колледжде «Бар сый аналарға» атты мерекелік кеш өтті. Кештің өзі Шәмші Қалдаяқовтың «Анаға сәлем» әнімен ашылды. Кештің басында, сондай-ақ, колледждің директоры Ақбала Нұрсейітқызы 8 наурыз мерекесіне байланысты құттықтау сөзін айтып, ұжымның әйелдер қауымына оқу ісінде атқарып жатқан
|
|
|
| 11 Март 2014 |
№ 2 Қалалық балалар ауруханасында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мереке өткізілді
6 наурыз күні № 2 Қалалық балалар ауруханасында әйелдер қауымының қатысуымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өткізілді. Көктемнің бірінші шуақты күндерінде асыға күтетін мейрам Халықаралық әйелдер күні болып табылады. Алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп шыққан аурухананың бас дәрігері Р.Р.Аипов аналарға, қыз келіншектерге, қарындастарға аурухананың және барлық қазақстандық ерлердің атынан сый-сыяпатын білдірді. Аурухананың кәсіподақ комитетінің және салауатты өмір салты кабинетінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылды. Концерттік бағдарламаны № 28 орта мектептің оқушылары ұсынды.
|
|
|
| 07 Март 2014 |
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
Астана қаласының Кәсіподақтары кеңесі төрағасы С.Б. Мыңбаев қалалық кәсіподақ белсенділері ішіндегі әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен шынайы көңілінен шыққан өлеңмен құттықтады. Кәсіподақ кеңесінің ерлер мүшелері нәзік жанды әріптестеріне мерекелік сыйлықтар мен көңіл-күй сыйлады.
КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚЫЗ - КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАУ
Сәрсенбай Мыңбаев, 2014 жыл, 8-наурыз
Ау, жігіттер, жігіттер, келді наурыз,
Әйелдердің мейрамы ғой бұл нағыз.
Құттықтау мен сый – сияпат жасайық,
Өлең – күйдің сандығын да ашайық.
|
|
|
| 28 Февраль 2014 |
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы қызметінің қорытындысы
http://www.densaulyk.astana.kz 2014 жылғы 28 ақпанда қала әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаева мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице министрі Б.Т. Төкежановтың қатысуымен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қорытынды алқасы өткізілді. Алқа жиналысында «Астана қаласындағы денсаулық сақтау саласының даму қорытындысы және 2014 жылғы даму келешегі» тақырыбындағы баяндамасымен Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Сегізбаева сөз алды. Бұл баяндамада елордалық денсаулық сақтау саласының негізгі жетістіктері мен нәтижелері көрсетілді:
- қала халқының саны 814 401 адамды құрады 4,4 %-ға артты;
- бала туу саны 7,1 %-ға артты және 1000 адамға шаққанда 27,58 құрады;
- халық санының табиғи жолмен өсуі 8,47 %-ға артты (ҚР бойынша -15,17);
|
|
|
| 22 Февраль 2014 |
Спартакиада – 2014 аясындағы шаңғы жарысы аяқталды
21 ақпанда Спартакиада-2014 аясында өтіп жатқан Астана қаласы медицина ұйымдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы аяқталды. Жарысқа 17 ұйымның командалары қатысты. Жарыс шаңғы-роллер трассасында өтті. Әйелдер командасы арнайы дайындалған жолмен 500 метрлік қашықтықты еркін әдіспен жүгірді. Ерлер арасындағы жарыс 1000 метрлік қашықтыққа болды. Шаңғы жарысынан командалық қорытындының нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Астана қаласының Медицина колледжі.
2 орын – «№1 қалалық балалар ауруханасы».
3 орын - «№2 қалалық балалар ауруханасы».
|
|
|
| 21 Февраль 2014 |
Республикалық үш жақты комиссияның отырысында М.С. Бутина жалақының көтерілуі мәселесіне назар аударды.
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастары бойынша Республикалық үш жақты комиссияның кезекті отырысы болды. Күн тәртібінің негізгі тұсы еңбек кикілжіңдерінің алдын алу мен сақтандыру мәселелерін талқылау болды. Бұл мәселе бойынша ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов, орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімшіліктері басшылары сөйледі.
|
|
|
| 21 Февраль 2014 |
Ауған соғысы жауынгерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды
2014 жылдың 21 ақпан күні медициналық колледждің мәжіліс залында Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толу мерекесіне орай «Отанды қорғау - интернационалдық борышың» атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Астана қаласы ауған соғысына қатысқан мүгедектер мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебеков Серік Мүбаракұлы, кеңес төрағасының бірінші орынбасары Бейсекеев Ғалы Ибраевич, кеңес мүшелері Тулекбаев Мейрамбек Уалиұлы және Майтқанов Қуаныш Құралұлы шақырылды.
|
|
|
| 21 Февраль 2014 |
Ақпанның 20-шы жұлдызында Астана қаласының медицина қызметкерлері арасындағы 2014 жылдағы Спартакиаданың ашылуы өтті! Кәсіподақтар, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға аса көп көңіл бөледі. Денсаулық сақтау саласында жұмыс істей жүріп, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін мамандар бүгінгі күні денсаулыққа деген жауапкершілікті тек сөзбен емес, нақты спорттық іс-шаралармен көрсете білді. Екінші жыл бойы спартакиада регламентіне қыстық спорт түрлері қосылып отыр. Спартакиаданың өткізілу дәрежесі жылдан жылға өсіп келеді. Алғашқы жарыстар керемет мұз айдыны «Алауда» өткізілді.
|
|
|
< 8 9 10 11 12 >
Блог
Пошта
Пайдалы сілтемелер