Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы медициналық колледждің мәжіліс залында 2013 жылдың 12 қараша күні алғаш рет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерді қамқорлығына алған азаматтарға арналған «Қамқоршы күні» аясында «Аялы алақан» атты ашық есік күні өтті.
Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бастамасымен 29 қазан - Қамқоршылар күні мерекесі атап өтіледі.
Аталған мерекенің мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеп жатқан қамқоршыларды, өзгенің қайғысына, өзгенің баласына бей-жай қарамайтын азаматтарды қолдау, отбасыларына бала алуға тілек білдіретін азаматтардың (қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу) санын арттыру. Іс-шараға колледжде білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді қамқоршылыққа алған тұлғалар шақырылды. Іс-шараның бет пердесін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Ы.Ахмет ашты. Қонақтар колледж студенттерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. «Қамқоршы күніне» Астана қаласы «Балалар үйі» директорының орынбасары А.С.Айтхожина мен меңгерушісі Г.С.Боранбаева қелді. Қонақтарға колледж кәсіподағынан гүл шоқтары мен фуршет ұйымдастырылды. Іс-шарадан соң қонақтар колледждің ішкі тынысымен танысты. Олар «Стоматология» бөлімі, «Хирургия», «Педиатрия», «Анатомия», «Информатика» кабинеттерінде болып, студенттердің оқу үрдісімен танысты. Колледждің кітапханасында, оқу залында болды. Мұнан соң әрбір қонақтармен топ жетекшілері жеке пікір алмасты. Олар өз топтарында білім алатын студенттердің білім көрсеткіштерімен таныстырып, жеке сұрақтарына жауап берді.
Ақпаратты медициналық колледждің кәсіподақ комитетінің төрайымы Ы.А. Абылқасымова ұсынған.