Жаңалықтар және уақиғалар
| 04 Декабрь 2013 |
|
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
2013 жылдың 29 қарашасында «НұрОтан» партиясының Алматы филиалы өкілдерінің қатысуымен, №2 қалалық балалар ауруханасы мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік күнді таңдауға 1991 жылдың 1 желтоқсанында болған бірінші бүкілхалықтық таңдауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының Президенті қызметіне сайлануы себеп болды.
Ол 88,2 % сайлаушылардың 98,7% дауысын жинап, жеңген бірден–бір кандидат болды. Тұңғыш Президенттің ең алғаш қадамдарының бірі 1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы етіп атын өзгерту жайлы заңға қол қоюы болды. Ал алты күн өткеннен кейін – 1991 жылдың 16 желтоқсанында – Жоғарғы Кеңес Қазақстанды тәуелсіздік мемлекет деп жариялады, жариялау Қазақстанның егеменді мемлекеттігін білдірді.
Құттықтау тілектерімен «НұрОтан» партиясының Алматы филиалының бірінші орынбасары Ерлан Сәбитұлы Төлешев және жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Әміржан Қайырұлы Альпеисов сөз сөйледі. Сөйлеушілер мемлекеттің қалыптасуында Тұңғыш Президенттің рөлін, оның өткізілген реформаларға қатысуын, сонымен қатар, жеңісімен және жетістіктерін атап өтті. Қазақстан тарихында осы күннің айрықша маңыздылығы жайында баға берілді.
2013 жылдың 30 қарашасында №2 қалалық балалар ауруханасы мәжіліс залында кәсіподақ комитеті күшімен ауруханада Тұңғыш Президент Күніне орай концерт ұйымдастырылды. Көркемделген және мерекелі безендірілген зал ауруханадағы емделуші балалармен және олардың ата-аналары шаттығымен толды. Концертке шығармашылық балалар ұжымы «Жұлдызай» қатысты.
|
|
Ақпаратты №2 қалалық балалар ауруханасының кәсіподақ комитеті ұсынған (кәсіподақ комитетінің төрайымы Абдырова С.А.)
|
Блог
Пошта
Пайдалы сілтемелер