
| 31 Декабрь 2015 |
| 20 Ноябрь 2015 |
|
«Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында "Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар» тақырыбында семинар өткізілді.
2015 жылдың 19-20 қарашасында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы, «КАМЕДА» зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді. Семинарға 25 тыңдаушы қатысты. Тренер-супервайзер Махаббат Мақсұтқызы Еспеновамен бірлесе тренер ретінде алғашқы тренерлерді даярлау курстық оқудан өткен Сұлтанов Сухраб (медициналық колледж «Даналық») және Мұғалбек Ақгүл (№1 перинаталды орталық) жүргізді. |
| 29 Октябрь 2015 |
|
«Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Көшбасшылар үшін органайзинг» атты тақырыпта семинарын өткізілді
2015 жылдың 28-29 қазанында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы, «КАМЕДА» зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді. |
| 22 Сентябрь 2015 |
|
Қазақстанда тұңғыш рет медициналық қызметкерлердің біліктілігін бағалайтын ұйымдардың аккредитациясы өтті
http://www.rcrz.kz/ Алғашқы боп өзінің стандарттарға сәйкестігін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрамындағы Республикалық білім және біліктілікті бағалау орталығы (РБ ББО) дәлелдеп шықты. Аккредитация орталыққа барлық буындағы медициналық қызметкерлердің кәсіби дайындығын бағалап, олардың біліктілігінің тиісті талаптарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін анықтаумен мемлекеттік орган - Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті – айналысатын.
|
| 07 Сентябрь 2015 |
|
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді
www.mzsr.gov.kz Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бейресми төлемдер деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
|
| 14 Июль 2015 |
|
Еңбек Кодексіне енгізілетін өзгертулер қарастырылуда
www.fprk.kz 2015 жылдың 10 шілдесінде жұмыс комиссиясының бірінші жиналысы өтті, онда жаңадан басылған Еңбек кодексі қаралды. Оның құрамына Қазақстан Республикасы кәсіподақ Федерациясы және салалық кәсіподақтардың басшыларынан құралған сарапшы тобы кірді.
Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР кәсіподақтар Федерациясының өткен съезінде 2015 жылдың 15 тамызында дейін Еңбек Кодесінің жаңа жобасы әзірленеді деп уәде берген болатын. |
| 07 Июль 2015 |
|
Тоқсан сайын шығатын «Кәсіподақ Жаршысы» ақпараттық бюллетенінің арнайы нөмірі жарық көрді.
Тоқсан сайын шығатын «Кәсіподақ Жаршысы» ақпараттық бюллетенінің арнайы нөмірі жарық көрді. №2 (40) Июнь 2015 (pdf).
|
| 21 Июнь 2015 |
|
Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!
![]() Сіздерді кәсіби мерекелерңіз - медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бұл мереке адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін дәрігерлердің ерен еңбегінің барша жұртшылықпен бағаланатын күні. Медицина қызметкерлерінің толассыз еңбектерінің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр. Тәжірибелерңіз, жанашырлықтарыңыз бен мейірімділік қасиеттеріңіз және кәсіби адалдықтарыңыз сізді қоғамның ең биік сатысына шығарады. Осы игілік нұрын төккен абыройлы еңбектеріңіз өнімді болып, халық алғысына бөленулеріңізге тілектеспін! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас бақыт, әр істеріңізге сәттілік, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-дәулет және аңсаған армандарыңыздың орындалуын тілеймін! Ізгі тілекпен: «Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалының төрағасы Б.А.Тәжібай |

















