Еңбек күніне арналған іс-шара аясында, Астана қаласының Кәсіподақтар Орталығы әлеуметтік серіктестерімен бірлесе отырып 27 қыркүйек күні Елорда халқын және қызметкерлерді арнайы құттықтады. Акцияның мақсаты еңбек адамының мәртебесін көтеру және насихаттау. Кәсіподақ қызметкерлері және «Келешек» жастар қанатының мүшелері емдеу мекемелерінде, сауда орталықтарында, оқыту мекмелерінде және қоғамдық көліктердің ішінде Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы атынан, әкімшілік атынан, және Кәсіподақ Орталығы атынан құттықтау хаттарын берді. Акцияға екі мыңға жуық адамдар қамтылды.
Кездеу кезінде кәсіподақтың жас қызметкерлері және белсенділері Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуында, мемлекетіміздің экономикалық күшінің нығайуында, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының, азаматтық қоғамда кәсіподақтардың қызметінде еңбек адамының маңызы мен рөлі туралы түсіндірді. Құттықтау хатын алған адамдар, Акцияны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Бұл мерекенің екінші жыл аталып өтіп жатқанына қарамастан, кездескендердің көбі Еңбек күні мерекесін білетіні туралы айтты. Сонымен қатар № 1 автобустар паркінің жүргізушісі Әбдіқадіров, қаладағы көше тақташаларынан осы жылдың 27 қыркүйегінде аталып өтіп жатқан Еңбек күні мерекесіне арналған құттықтауларды көргенін айтты.