Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

22 Сентябрь 2015
Қазақстанда тұңғыш рет медициналық қызметкерлердің біліктілігін бағалайтын ұйымдардың аккредитациясы өтті
http://www.rcrz.kz/  Алғашқы боп өзінің стандарттарға сәйкестігін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының құрамындағы Республикалық білім және біліктілікті бағалау орталығы (РБ ББО) дәлелдеп шықты. Аккредитация орталыққа барлық буындағы медициналық қызметкерлердің кәсіби дайындығын бағалап, олардың біліктілігінің тиісті талаптарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін анықтаумен мемлекеттік орган - Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті – айналысатын.
 

Биыл күшіне енген аккредитациялаудың жаңа тәртібі бойынша бағалау құзырын бәсекелік ортаға беру қарастырылған. Бұл халықаралық стандарттарға сай, әрі отандық медициналық қызметкерлердің арасында бәсекелестікті дамытуға ықпал етуі тиіс.
Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалау 2 кезеңде жүргізілетіндігін ескертеміз: 1) Сертификаттау; 2) Біліктілігінің сәйкестігін дәлелдеу.