Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

20 Ноябрь 2015
«Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында "Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар» тақырыбында семинар өткізілді.

2015 жылдың 19-20 қарашасында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы, «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді. Семинарға 25 тыңдаушы қатысты. Тренер-супервайзер Махаббат Мақсұтқызы Еспеновамен бірлесе тренер ретінде  алғашқы тренерлерді даярлау курстық оқудан өткен Сұлтанов Сухраб (медициналық колледж «Даналық») және Мұғалбек Ақгүл (№1 перинаталды орталық) жүргізді. 

 

 

 

Медиация – кикілжіңді жағдайды шешу кезіндегі делдалдық.
Медиация шиеленіскен дауларды шешудің мүмкіндігі, болашақта кикілжіңдерді шешуге ықпал ететін жаңа тәжірибенің тууы немесе пайда болуы әлеуметтік қатынастар мәдениетіне ықпал ететіні де сөзсіз. Дауласудың да өзіне тән мәдениеті жетіледі, шиеленісті жағдайға тап болған адамдар оның түрлі мүмкіндіктерін қарастыруды, өзін және өзінің мүддесін қорғауды, сөйте тұра басқалардың мүддесін де ұмыт қалдырмауды үйренеді.
Бұл кикілжіңді шешуге бағытталған кооперацияның даму процесі. Дауласушы тараптар тиісті дайындығы бар бейтарап үшінші тұлғаны шақырып, әділетті әрі тараптардың бәрінің көңілінен шығатын шешімге қол жеткізуге ұмтылады. Кикілжіңнің неден туғаны, қай сатыда екені маңызды емес.
Медиация дауларды реттеудің қарқынды дамып келе жатқан бір формасы болып табылады. Медиация тығырыққа тірейтін сот процедураларын айналып өтеді, жылдам жүзеге асады әрі қымбат емес, оның шешімін кез келген жағдайға бейімдеуге болады, ол жеке әрі құпия процесс болып табылады, сонымен бірге, медиацияның мақсаты мәселені шешу болғандықтан, медиация нәтижесінде тараптар әрі қарай да әріптестігін жалғастыра алады. 

Фотогалерея 19-20 ноября 2015