Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

29 Октябрь 2015
«Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Көшбасшылар үшін органайзинг» атты тақырыпта семинарын өткізілді

2015 жылдың 28-29 қазанында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы, «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді.

 

Семинарға 23 тыңдаушы қатысты. Тренер-супервайзер Махаббат Мақсұтқызы Еспеновамен бірлесе тренер ретінде  алғашқы тренерлерді даярлау курстық оқудан өткен Сапақбаев Асылхан (Астана қалалық Кәсіподақ филиалы), Кереев Өркен (№6 қалалық емхана) және Ахметов Әділжан (№4 қалалық емхана) жүргізді.
Семинарда ерекше көңіл аударылған мәселе - органайзинг.Ұжымдық іс-қимыл арқылы, өз қолымен жағдайды өзгертуге ниетті адамдардың күшті және белсенді ұйымдарын құру бойынша ең тиімді стратегиялардың бірі органайзинг болып табылады.
 

 

Фотогалерея Семинар 28-29/10/2015