Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

25 Август 2015
«Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында "Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинар өткізілді.

2015 жылдың 24-25 тамызында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді. 

 

 

 
Медиация – кикілжіңді жағдайды шешу кезіндегі делдалдық.
Медиатор – кикілжіңді шешуге және нақты бір келісімге келуге дейін процесті жүргізетін бейтарап үшінші тұлға. Медиаторлардың көмегімен жеңген және жеңілген болып бөлінбейтіндей шешімге қол жеткізуге болады. Өз ойыңызша Сіз тығырыққа тірелсеңіз және одан шығудың ешқандай жолы жоқ деп шешсеңіз де, медиация екі тарапты да қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұған медиациядағы әрбір қатысушы өз ережесін енгізуге хақылы дейтін ережелер мүмкіндік береді. Медиация кезінде шабуылдаудың барлық түріне тыйым салынады, медиатор осы заңның сақталуын қадағалайды. Істің шешімін өзіңіз табатын боласыз.
Медиатор әрбір сөзді және дауыстың ырғағын қадағалап отырады, барлық қатысушылардың тақырыптан ауытқымауын қадағалап, әрбір сөзді болашақтағы ықтимал шешім ретінде қарастырып, мұқият тексереді. Осылайша, нақты әрі жүзеге асырылатын шешімдер жеңіл әрі тез табылады. Бәрін жылдам шешуге, аса қиындықсыз төзуге, соттың мерзіміне және басқа да жағдайларға тәуелді болмауға мүмкіндік бар.
Медиаторлар маңызды шаруаларды кезегімен шешу, істің ақ-қарасын ашу үшін керек; олар әңгіменің құрылымын түзеді, әңгіме-дүкен құрады, тараптарға кезек-кезегімен сөз береді. Осылайша, маңызды мәселелер тегіс талқыланады. Олар тараптардың бір-бірінің ар-намысына тимеуін, басқа тақырыпқа және ескертпелерге ауытқымауын қадағалап отырады. Айтылатын сөз қалмады деген жағдайдың өзінде де медиатор тарапынан жасалатын қамқорлық нәтижесінде кез келген адам талқылауға қатыса алады.
Медиация шиеленіскен дауларды шешудің мүмкіндігі, болашақта кикілжіңдерді шешуге ықпал ететін жаңа тәжірибенің тууы немесе пайда болуы әлеуметтік қатынастар мәдениетіне ықпал ететіні де сөзсіз. Дауласудың да өзіне тән мәдениеті жетіледі, шиеленісті жағдайға тап болған адамдар оның түрлі мүмкіндіктерін қарастыруды, өзін және өзінің мүддесін қорғауды, сөйте тұра басқалардың мүддесін де ұмыт қалдырмауды үйренеді.
Бұл кикілжіңді шешуге бағытталған кооперацияның даму процесі. Дауласушы тараптар тиісті дайындығы бар бейтарап үшінші тұлғаны шақырып, әділетті әрі тараптардың бәрінің көңілінен шығатын шешімге қол жеткізуге ұмтылады. Кикілжіңнің неден туғаны, қай сатыда екені маңызды емес.
Медиаторлар түсінбеушіліктерді анықтап, оларды талқылауға, кикілжіңнің эскалациясын тоқтатуға, кикілжіңді шешу жолына бағыттауға, шиеленісті жағдайды жеңілдетуге көмектеседі. Олар қатысушы-лардың бұра тартуына жол бермей, оларды кикілжіңнің негізгі нысанына және тақырыбына алып келеді. Осылайша, ешкім өзін жеңдім не жеңілдім деп есептемейді. Медиация жүргізу тәжірибесі түпкі нәтижеде ешқандай да көңіл толмаушылықтың болмайтынын көрсетеді, өйткені бұл процесс ашық жүреді әрі бір-бірін құрметтеуге негізделеді.
Медиация деген пікірталасқа тартылатын үшінші тараптың көмегімен жүргізілетін келіссөз процесі. Екі жақ немесе бірнеше тарап бейтарап үшінші жақпен кездеседі, үшінші тарап кеңес беріп әрі тараптарды тыңдай отырып келіссөз процесін жүргізеді, сол арқылы тараптардың барлығы үшін оңтайлы шешімге келуіне көмектеседі. Егер тараптардың бірі жеңілетін болған күннің өзінде де, ол өте елеусіз деңгейде болады. Мұндай шешім нәтижесінде тараптар әрі қарай тіршілік ете береді.
Шешім жазбаша болуы тиіс (формальді түрде рәсімделуі тиіс), өйтпеген жағдайда ол тараптар үшін міндетті болмайды. Егер тараптардың бірі нәтижеге қанағаттанбаса, келісім-шартқа қол қоюдан бас тарта алады және кикілжіңді шешудің басқа тәсілдеріне жүгініп, әрі қарай жалғастыра алады.
Халықаралық шеңберде медиация кикілжіңдерді реттеудің қарқынды дамып келе жатқан бір формасы болып табылады. Медиация тығырыққа тірейтін сот процедураларын айналып өтеді, жылдам жүзеге асады әрі қымбат емес, оның шешімін кез келген жағдайға бейімдеуге болады, ол жеке әрі құпия процесс болып табылады, сонымен бірге, медиацияның мақсаты мәселені шешу болғандықтан, медиация нәтижесінде тараптар әрі қарай да әріптестігін жалғастыра алады. 
Медиация – кикілжіңді шешудің мейлінше бейресми тәсілдерінің бірі. 

Фотогалерея 24-25.08.15