| 17 Июнь 2016 |
|
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау!
Құрметті әріптестер!Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Сіздердің күрделі әрі жауапты еңбектеріңіздің өлшемінде талай адамдардың тағдыры тұр. Сондықтан осы еңбек жолында күш-қуаттарыңыз сарқылмасын, қанаттарыңыз талмасын, кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі әрдайым алға жетелесін! Игілік нұрын төккен абыройлы еңбектеріңіз өнімді болып, халық алғысына бөленулеріңізге тілектеспіз! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас бақыт, әр істеріңізге береке-сәттілік, отбасыларыңызға бақ-дәулет пен аңсаған армандарыңыздың орындала беруін тілейміз! Ізгі тілекпен: «Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалының ұжымы |
| 31 Май 2016 |
|
Спартакиада-2016 өз мәресіне жетті.
2016 жылдың 31 мамырында Х.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Астана қаласы медициналық ұйымдардың арасында Спартакиада- 2016 аясында гір тасын көтеруден, 4/4х100 жеңіл атлетикалық эстафетадан, арқан тартудан қорытынды командалық жарыстар өтті. Спартакиаданың қорытынды күні бұлыңғыр күн мен жаңбырға қарамастан жарыс қызу тартысты болды. Әр түрлі жарыстарға 28 команда қатысты. Осы күні Спартакиада- 2016 нәтижелері қорытындыланды. Спортшылар мен жанкүйерлер үшін дайындалған мерекелік бағдарламадан соң жеңімпаздарға кубок, төсбелгілер мен ескерткіш сыйлықтар салтанатты жағдайда табысталды. |
| 21 Апрель 2016 |
|
Қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
http://astana.gov.kz Бүгін елорда әкімдігі ғимаратында Астана қаласы мәслихатының депутаттары кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Тараптар қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығының арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуге мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты. |

| 22 Март 2016 |
| 21 Март 2016 |
|
Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері Наурыз мерекесінде баспаналы болды
http://astana.gov.kz
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Жедел медициналық жәрдемнің 30 дәрігеріне пәтер кілтін табыстады. Салтанатты шара Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтті. Мерекелік шара жедел медициналық жәрдем станциясы аумағында ұйымдастырылды. Әртістер мен қызметкерлер ұлттық киімдер киіп, Наурыз мейрамын қарсы алуға жиналды. – Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Биыл қала бойынша көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін кешенді жоспар әзірленді. Бүгін пәтерлердің кілтін табыстап отырмыз. Сонымен қатар, аталған кешенді жоспарға сәйкес, жедел медициналық жәрдемнің үлкен кешенінің құрылысы қолға алынған. Медициналық қызметтер сапасын арттыру үшін сіздерге барынша жағдайлар жасалады, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары. |
| 17 Март 2016 |
|
ҚР ДСӘДМ-де азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті
http://www.mzsr.gov.kz |
| 12 Февраль 2016 |
|
Еңбекші жастар және кәсіподақ
www.fprk.kz 2016 жылғы 12 ақпанда Астананың Кәсіподақ орталығында қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жалпыға Ортақ Еңбекті қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлері, еңбекші жастар, тәлімгерлер, Кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар қанатының мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. |


Құрметті әріптестер!













