| 21 Апрель 2016 |
|
Қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
http://astana.gov.kz Бүгін елорда әкімдігі ғимаратында Астана қаласы мәслихатының депутаттары кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Тараптар қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығының арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуге мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында Сәрсенбай Мыңбаев қаладағы 380 кәсіподақ ұйымының қызметіне тоқталды. Астанада автомобиль көлігі қызметкерлерінің, мемлекеттік мекемелердің, теміржолшылардың, денсаулық сақтау, құрылыс, коммуналдық кәсіпорындар, мәдениет, білім, кәсіпкерлік, байланыс қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары құрылған, олар жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ат салысады. |















