2014 жылдың 16-17 сәуірінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының оқу әдістемелік орталығы және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалымен бірлесе отырып «Кәсіподақ белсенділеріне арналған медиация және келіссөздер» тақырыбында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалының кәсіподақ комитеті төрағаларына арналған семинар – тренинг ұйымдастырды. Оқу Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының мәжіліс-залында өтті.
Семинардың ашылу барысында, филиалдың төрағасы Б.А. Тәжібай бірлескен оқу семинарларының екі маңызды мақсаттарын атап өтті:
- біріншіден, кәсіподақ комитеті төрағаларының арасындағы ынтымақтастықты және ауызбіршілікті арттыруда жеке және топтық әрекеттіктестерді жақсарту,
- екіншіден - кәсіподақ белсенділерінің білімін, біліктілігін жетілдіру, сонымен қатар қызметкерлердің мүдделерін қорғауда және қойылған міндеттерді орындаудағы нәтижелікті арттыруға мүмкіндік беретін кәсіподақ ісіндегі негізгі тәжірибелік дағдыларын алу.
Біліктілікті арттыруға ұсынылған бағдарлама даулы жағдайларды шешумен айналысатын кәсіби мамандығынан тыс тәуелсіз қызметкерлердің белгілі санаты үшін арналған. Оқу нәтижесінде қатысушылар медиация, іскерлік қарым-қатынас, әлеуметтік жанжалтану саласында қосымша білім, шеберлік пен дағдыларды, келіссөздерді жүргізу технологиясына машықтанды, тараптарды татуластырудың жолын табу үшін еңбек заңнамалары ережелерін қолдануды үйренді.
Медиация мен келіссөздер дауларды альтернативті шешудің жеңіл түрлері болып табылады. Медиация шаралары кезінде жанжалға қатысушы тараптар медиатордың білімі мен біліктілігіне, тәжірибесіне сүйеніп өз беттерінше өзара тиімді шешімге келеді. Дауларды шешудің осындай әдістері келіссөздер тұйыққа тірелген жағдайларда жетістікке жету үшін дауласушы тараптарды бір-бірінің көзқарастарын қабылдау және түсінуге мәжбүрлеу қажет болғанда жиі қолданылады.
Даулар мен жанжалдарды қарау барысында медиацияны соттан тыс, мемлекеттен тәуелсіз етіп енгізуде, семинарды ұйымдастырушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласына сүйенді: «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: «Қоғамдық жалпы еңбекке жиырма қадам»: бүгінгі таңда Медиация шараларын және құрылымын қолдануда және құру бойынша, сонымен қатар еңбек қатынастары аумағында жұмыстарды күшейту. Медиация құрылымын ұлттық және ірі жекеменшік компанияларда құру қажеттілігін. АҚШ, Австралия және басқада елдерде барлық даулар соттың араласуынсыз медиация шарасы аясында реттелетіндігін. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан әлеуметтік-еңбек қатынастары аумағында да дауларды және жанажалдарды соттан тыс шешу жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін ынталы қадамдарды жасау маңызды».
Семинарда дәрісті медиация саласында әлеуметтік-еңбек дауларын шешу мен келіссөздер үрдісінде үлкен тәжірибесі бар Шырын Иранбекқызы Оразбаева жүргізді. Қатысушылардың семинардан күткені толығымен ақталды, мұны барлық қатысушылардың оң пікірлері мен алғыстары дәлелдейді.
Фотогалерея Медиация бойынша семинар