| 30 Май 2014 |
|
Астана қаласы тұрғын үй басқармасы басшысы орынбасарының қатысуымен кәсіподақ белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды
Бүгін Астана қаласы кәсіподақтар Кеңесі Атқару комитетінің бастамасымен Астана қаласы тұрғын үй басқармасы өкілдерінің қатысуымен қалалық кәсіподақ белсенділерімен кездесу өтті. Жиналысқа Астана қаласы тұрғын үй департаменті басшысының орынбасары Руслан Аманжолұлы Ахметов және Астана қаласы жер қатынасы басқармасының бөлім бастығы Болат Асқарұлы Сұлтан қатысты. Күн тәртібінде: «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасын орындау ретін және заңнама нормаларын түсіндіру. Кездесуді Астана қаласы кәсіподақтар Кеңесінің төрағасы С.Б. Мыңбаев жүргізді. Астана қаласы тұрғын үй департаменті басшысының орынбасары Руслан Аманжолұлы Ахметовтің баяндамасынан кейін жиналысқа қатысушылар «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында баспананы алуға және құрылыстың жүргізілуіне қатысты, сондай-ақ апаттық баспаналардың бұзылуы мен мемлекеттік және коммуналдық қажеттілікке жер учаскелерін сатып алу туралы және т.б әр түрлі сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға толығымен жауап берілді. |















