Соттағы қорғаулар
|
А.Ж. Нусуповтың талабы бойынша сот шешімінен үзінді
2013 жылғы наурызда «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшесі Нусупов Али Жұмағалиұлының мүддесін сот алдында қорғау үшін Астана қаласы Кәсіподақ филиалынан қолдауды өтінді. Кәсіподақ филиалы мен қорғаушылар алқасы арасында құқықтық жәрдем көрсету мақсатында қабылданған келісім-шартқа сәйкес қорғаушы Л.Н. Кульжабаева А.Ж. Нусуповтың мүддесіне сотта өкілдік етті. 2013 жылғы17 шілдеде Қазақстан Республикасы Астана қаласы азаматтық және әкімшілік сот ісінің Апелляциялық сот алқасы Нусупов Али Жұмағалиұлының «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» АҚ бұйрығының күшін жоюға, оның жұмысқа қайта қабылдануына және жұмыстан мәжбүрлі қалу жағдайындағы уақыттағы жалақыны төлеу туралы өтінішін қанағаттандыруға шешім қабылдады.
Сот шешімінен үзінді (pdf) орысша |















