Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

Спартакиада -2019 ашылуы

Бүгін " Алау "Әлемдік деңгейдегі мұз сарайында медицина қызметкерлері арасында спартакиада-2019 ашылды. Ұйымдастырушы: "Қазақстандық салалық денсаулық сақтау кәсіподағы" ҚБ Астана филиалы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп. Ашылу салтанатында кәсіподақ Астана филиалының төрағасы Тәжібай Бақытжан Арынұлы, бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, әлем чемпионы, 1996 және 2000 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Болат Нұретдинұлы Жұмаділов құттықтау сөз сөйледі.

Астана қаласының медицина ұйымдарының қызметкерлері арасындағы Спартакиада-2019 спорттың 9 түрі бойынша өткізіледі.

Барлық спорт түрлері бойынша жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, дипломдар мен естелік сыйлықтар беріледі. Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары кәсіподақ кубогымен марапатталады. Жоспарланған спартакиадаға екі мыңнан астам әуесқой спортшы қатысады.

Аталған іс-шара салауатты өмір салты ретінде дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау және денсаулық сақтау қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, "Денсаулық" бағдарламасын орындау және жоғары жұмысқа қабілеттілікті қолдау, Денсаулық сақтау ұйымдары ұжымдары арасында достық спорттық байланыстарды нығайту, қалалық жарыстарға, матчтық кездесулер мен турнирлерге қатысу үшін мықты спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Спартакиада-2019 ашылу күні конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар өтеді. Конькимен жүгіру спорты бойынша жарысқа 26 команда қатысты. Ерлер мен әйелдер арасында 100 метрге жүгіру өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша командалар төмендегідей бөлінді:

1 орын– нәтижесі - ШЖҚ "№1 қалалық аурухана " МКК

2 орын– нәтиже - "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ"

3 орын – нәтижесі-Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы


Пайдалы сілтемелер