Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

№2 қалалық балалар ауруханасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№2 қалалық балалар ауруханасы» МКК-ны мекемесінде қараша айының 30-шы жұлдызында сағат 15:00 де «Тәуелсіз қазақстанның тұңғыш прездиденті» күніне орай жалпы денсаулық сақтау салаларының басын қосқан мерекелік концерт өтпек. Бұл кештің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы сындарлы саясатына ақ халатты жандардың тарапынан ризашылық білдіру. Мемлекет басшысының жуырда халыққа ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жандандыру, дәріптеу, насихаттау. Қазақ дейтін қазыналы халықтың танымы мен тамырына бекіген жеті қырын тереңірек түсінуге жол ашып, адам жанының арашасы дәрігерлер қауымының алдында түсіндіру, және «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш предзиденті күніне» орай мемлекеттік қызметкерлерге көңілді күй сыйлау. Кеш барысында қоғам қайраткерлері, ақындар, денсаулық сақтау саласының өкілдері елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен мазмұнын ашатын пайымды пікірін, келісті кеңесін ортаға салады. Сондай-ақ №2 қалалық балалар ауруханасының табысты еңбегі, толайым табыстары, атқарылып жатқан абройлы еңбектері жарқын көрініс табады. «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президент күніне» орайы өтетін осы іс-шараға қалалық және республикалық бұқаралық ақпараттар құралын (БАҚ), қоғам қайраткерлері мен қоғамдық ұйымдардың мүшелерін шақырамыз.


Пайдалы сілтемелер