Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

"Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" АҚ Астана қаласы бойынша филиалы Сіздерді республикамыздың әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Конституция Күнімен құттықтайды! Бұл күні Қазақстан әрбір қазақстандыққа және оның болашағына қамқор болатын тәуелсіздік және демократиялық даму жолына түскен.

Сіздерге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, өркендеу, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен ертеңгі күндеріңізге сенімділік тілейміз!

 

 

1995 ЖЫЛҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯСЫ

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкіл халықтық референдумда қабылданған. Бұл күн-мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні. Еліміздің негізгі заңын қабылдау алдында  Конституция жобасын халық кеңінен талқылады. Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркіндігін, " демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ел ретінде оның басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" екендігін бекітеді.

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдай отырып, мемлекет алдында - конституциялық бақылауды қамтамасыз ету, яғни нормативтік актілер мен халықаралық келісімдердің Негізгі заңға сәйкестігін тексеру қажеттілігі туды. Бастапқыда бұл функция Қазақстан Республикасында Конституциялық сотқа жүктелген (1992 жылдың маусымы –1995 жылдың қазаны). ҚР Конституциялық кеңесін құру туралы шешім, 1995 жылғы 29 желтоқсанда қабылданды. Конституциялық кеңес тек біздің республикамызда және Францияда ғана бар.

ҚР Конституциясының 23-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы барын белгілейді. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.

Конституционализм идеялары, Қазақстанда тереңдегі ғасырлардан бастау алады. XV-XVIII ғасырларда "Қасымханның қаска жолы", "Есімханның ескі жолы" және Тәуке хан "Жеті Жарғы" сияқты заңдар құрылды. Тағы бір еске алатын жәйт - "Алаш" партиясы Конституцияның жобасы.

"Жеті Жарғы" Заңдарының жиынтығы Тауке ханның хандық құрған кезеңінде қабылданды, оны әзірлеуге Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер қатысты.

"Жеті Жарғы" – бұл көшпенді халықтың аға ұрпақтан – кіші ұрпаққа ауызша берілетін ауызша заңы. "ЖетіЖарғыда", жеке жауапкершілік қатар ұжымдық жауапкершілік те бар, бұл заңда ұлттық әдет-ғұрып пен үлкенді құрмет арқылы тәрбиелеу жоғары қойылған.

 

"Жеті Жарғы" жеті бөлімді қамтыйды:

 

- Жер заңы (Жердауы), онда жайлымдар және суаттар туралы дауларды шешу жолдары қарастырылған.

- Отбасы-неке заңында некені қию және некені бұзу тәртібі, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, мүліктік құқықтары қарастырылған.

- Әскери заң әскери міндеттерді қалыптастыруды реттеу, бөлімдерді құру және әскер бастықтарын сайлау.

- Сот туралы ережеде соттық талқылаулардың тәртібі қарастырылған.

- Қылмыстық заңда - кісі өлтіруден басқа қылмыстың түрлері үшін жазалаулар қарастырылған.

- Құн туралы заңда кісі өлтіру және ауыр дене жарақатын салған үшін жазалаулар қарастырылған .

- Жесір дауларыында  жесір мен жетім балалардың мүліктік және жеке құқықтары, сондай-ақ оларға қатысты қауым мен қайтыс болған кісінің туған-туыстарының міндеттері қарастырылған.

"Жеті Жарғы" – бұл ортағасырлық құқықтың іске асырылуының жетістіктері.  Ол өз дәуірінде, қазақтың ішкі  бірлігінің нығайуы үшін едәуір рөл атқарды.


Пайдалы сілтемелер