Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

Еңбек адамына - лайықты өмір !

Баланы мектепке дайындаймыз

2018 жылдың 15 тамызында "№5 Қалалық емхана" МКК-да "Баланы мектепке дайындаймыз" ұранымен акция өткізілді Акция жыл сайын өткізіледі және жаңа оқу жылы басталар алдында денсаулық сақтау қызметкерлерінің балаларына арналған акция өткізу дәстүрге айналған.

Іс-шараның мақсаты: қызметкерлерге балаларын – бірінші сынып оқушыларын, мектепке дайындауға әлеуметтік қолдау көрсету.

Міндеті: ата-аналар мен балалар үшін жайлы эмоционалды – психологиялық ахуал құру. Отбасының салауатты демалуын ұйымдастыру. Ата-аналар мен балалардың бірлескен қызметіне қызығушылықты қалыптастыру. Отбасы беріктігін нығайту.

Мереке көңілді ойындар мен жарқын орындаушылықтармен атқарылды.

Мәдени – сауықтыру іс-шараларының қорытынды бөлімінде бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Есмуханова А. А. балаларға "Бірінші сынып оқушысының - Жиынтығын" табыстады.


Пайдалы сілтемелер