Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Блогтағы жазулар

16 Июнь 2017
19 Апрель 2016
07 Февраль 2015
08 Март 2014
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау.
Құрметті, ханымдар! Баршаңызды көктем мейрамы 8 Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі таңда қалалық денсаулық сақтау саласында еліміз бен халқымыз үшін 13,5 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері аянбай еңбек етіп келеді. Олардың ішінде 80%-ын нәзік жанды асылдарымыз құрайды. Жылдан-жылға денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер оң өзгерістермен жақсаруда. Бұл оң нәтижелер, әрине, сіздердің сіңірген еңбектеріңіздің арқасында болып жатыр.
Баршаңызға баянды бақыт тілеймін, армандаған мақсаттарыңыз бен алға қойған жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін, күндеріңіз берекелі, істеріңіз сәтті, денсаулықтарыңыз зор болсын! Мерекелеріңізбен!
14 Январь 2014
Ұлтқа қызмет ету үлгісі (ұстаз туралы эссе)

Өмірді бір сәт түпсіз терең  мұхитқа теңесек, сол мұхиттың бетінде алыстан мұнартып тұратын мұзтау секілді адамдар болады. Біз ондай жанның асқақ бейнесін ғана көріп, бергі жағына таң қаламыз, ал, сол мұзтаудың асыл қасиеті тым тереңде, мұхиттың түбінде шөгіп жатқанын ескере бермейміз.
Сондай жанның бірі -медицина ғылымының майталманы, қадірлі ұстазымыз Әбубәкір Ерекешұлы Ерекешов болатын.

16 Декабрь 2013
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау
Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, ерен ерлікпен қол жеткізген егемендігіміз ұрпақтан-ұрпаққа аманат болсын! Өркениет көшіне ілескен халқымыздың гүлденуі мен көркеюінің негізі - егемен еліміздің тәуелсіздігі. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін. Баршаңызға дендеріңіз сау, аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуына тілектеспін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!
16 Июнь 2013
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды кәсіби, төл мерекеміз – денсаулық сақтау қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша Денсаулық сақтау саласындағы әрбір кәсіподақ мүшесі халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту үшін қажымай, талмай, шынайы көңілмен шипагерлік етуде. Алдына келген әрбір жанға ерекше ыждақатпен қарап, тәні ауырғанды жүректен шыққан жылы сөзімен, мейірімді ниетімен емдей білетін абзал жандар арамызда көптеп саналады. Сіздердің ерен еңбектеріңіз күнделікті күйбең тіршілікте көзге көрінбейтіндей, елге еленбейтіндей болғанымен көпшіліктің риясыз алғысы, ризашылығы әрқашан сіздерге қуат береді. Қиындығы көп болғанымен, қайтарымы да, алғысы да мол еңбектеріңіз жемісті болып, емдік шараларыңыз шипалы болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміздің медицинасы әлемнің үздік медициналарының қатарында болуына бар ынта-жігерімізді салайық!
30 Апрель 2013
Сайтымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар, құрметті сайт қонақтары!
Сіздерді біздің ашылған сайтымызбен танысуға және оның жұмысына белсенді қатысуларыңызға шынайы көңілмен шақырамын. Өз саулығынан басқалардың есендігін жоғары қоятын ақ халатты абзал жандар қоғамдағы құқықтарын қорғайтын, өздеріне тиісті әлеуметтік жағдаяттарын жасауға көмектесетін іс-шараларды баяндайтын сайттың ашылуын көптен күткені белгілі. Бұл алғашқы және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының жалғыз ғана сайты. Бұның өзі көзі ашық көпшілікті қуантатынына сенімдімін. Сайт жұмысының мақсаттары: біріншіден -  денсаулық саласындағы қызметкерлердің құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауда кәсіподақтың атқарып жатқан іс-шараларын жария ету, олардың нәтижелілігін арттыру, кәсіподақ мүшелерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту; екіншіден –  қарапайым халықтың денсаулық сақтау ісіндегі мамандарға деген сенімінің деңгейін көтеру. Денсаулық сақтау саласынының қызметкерлерінің көңіл-күйі, әлеуметтік жағдайы дұрыс болса – көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапалы, ал қарапайым халықтың дені сау, көңілдері хош және дәрігерлердің игілікті істеріне алғыстары молынан болатынына сенім артамын.