Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

06 Июнь 2016
Кәсіподақтар күні құрметіне марапаттау

 www.fprk.kz Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған іс-шаралар аясында Астана қаласы Қазақстан Кәсіподақтар Орталығы елорданың кәсіподақ белсенділерінің жиынын өткізді. Аймақтық кәсіподақ бірлестігінің жұмысы туралы ақпаратпен Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мынбаев сөз алған ол Кәсіподақ орталығының қызметі туралы және келешекте алға қойған міндеттер жайлы айтып өтті.
Жарыссөзде салалық кәсіподақтардың  қалалық құрылымы төрағалары:  теміржолшылар – Серік Сарсекеев, білім саласынан- Балсұлу Наурызбаева, денсаулық сақтау саласынан - Бақытжан Тәжібай және басқа да кәсіподақ белсенділері сөз алды.

 

Жиынға қатысушылар елорда кәсіподақтарының басты міндеті кәсіподақ ұйымдары жұмысының салмағын бастауыш ұйымдарға ауыстыру – яғни, қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға ықпал жасау, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі нормаларын түсіндіру, кәсіподақ қатарын күшейту, қызметкерлердің еңбек белсенділігі мен құқықтық білімдерін арттыру екендігін атап өтті.
Жиын қорытындысында үздік кәсіподақ белсенділеріне құрмет көрсетілді. Кәсіподақ Орталығының төрағасы  Сәрсенбай Мыңбаев қатысушыларды Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесімен құттықтады, барлығына Қазақстанның елордасы дамуына қосқан жеке үлестері, жасампаз еңбектері, еліміз бен Астана қаласының кәсіподақ қозғалысына белсене атсалысқаны үшін алғысын білдірді.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының  «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен №35 сәбилер балабақшасының тәрбиешісі Галина Кагирманова, №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігер –лаборанты Светлана Абдирова марапатталды.

Бірқатар кәсіподақ белсенділері кәсіподақтар Федерациясының  Құрмет грамотасымен, ведомстволық белгілерімен, Кәсіподақ орталығының және салалық кәсіподақтардың қалалық құрылымдарының Алғыс хаттарымен марапатталды. Солардың ішінде « №1 автобус паркі» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Сергей Богатырев, «Астана – Тазарту» ЖШС-нің мастері Баршагуль Шаймухатов, танымал музыкант Мусахан Турунтаев және басқалар бар. Кәсіподақтардың лайықты марапатын барлығы 40-қа жуық кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлері алды.