Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

01 Июнь 2016
Халықаралық балаларды қорғау күніне №2 қалалық балалар ауруханасында өткен мерекелік іс-шара

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл жайлы тек бала, ата-ана ғана емес сонымен қатар,  өздерінің кішкентай емделушілерінің денсаулығына қамқорлық жасайтын дәрігерлер де естен шығармайды.
Астана қаласы №2 қалалық балалар ауруханасы да жыл сайын мереке туралы ұмытқан емес. 31 мамыр және 1 маусым күндері мұнда стационарлық емдеу алып жатқан балалар үшін мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылды.  «Таза ниет - Астана» Қоғамдық қоры мен Астана қаласы әкімшілігінің  денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп «Әр күн балалық шақ»  ұранымен өткізілген мерекелік іс-шара.

 

Мерекелік іс-шара 31 мамыр күні түсте №2 қалалық балалар ауруханасының конференц –залында басталды.  Іс- шара қонағы Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Петухова Надежда Михайловна құттықтау сөз сөйледі. Астана қалалық циркі әртістерінің ойын көрсетуі балаларды таңдандырды. Сонымен қатар,залда отырғандарға сыйлықтар тарату жылы шырайда және қуанышты сәтте өтті. Сурет салу байқауының жеңімпаздары сыйлықтар алды, ал асфальтқа салынған суреттер қазір аурухана айналасын көріктендіріп тұр.  Мұның бәрі балалардың күлкісі мен шаттығының себебі болды. Ал 1 маусым күні балаларды  қазақстандық және ресейлік танымал эстрада жұлдыздары Беркут, Стас Костюшкин және Анна Седокова құттықтады.