Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

31 Май 2016
Спартакиада-2016 өз мәресіне жетті.

2016 жылдың 31 мамырында Х.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Астана қаласы медициналық ұйымдардың арасында Спартакиада- 2016 аясында гір тасын көтеруден, 4/4х100 жеңіл атлетикалық эстафетадан, арқан тартудан қорытынды командалық жарыстар өтті.  Спартакиаданың қорытынды күні бұлыңғыр күн мен жаңбырға қарамастан жарыс қызу тартысты болды. Әр түрлі жарыстарға 28 команда қатысты. Осы күні Спартакиада- 2016 нәтижелері қорытындыланды. Спортшылар мен жанкүйерлер үшін дайындалған мерекелік бағдарламадан соң жеңімпаздарға кубок, төсбелгілер мен ескерткіш сыйлықтар салтанатты жағдайда табысталды.

 

Ақпан айынан қысқы спорт түрлерінен бастау алып, медицина қызметкерлері күні қарсаңында аяқталатын Астанадағы дәрігерлер спартакиадасы осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Және бұл жақсы дәстүрге айналуда. Спартакиада қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қалалық филиалы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесуімен өткізілді. Жыл өткен сайын Спартакиада қатысушылардың назарын өзіне аударып  үлкен танымалдылыққа ие бола бастады. Қазіргі таңда спартакиадаға қатыспаитын медициналық мекеме  қалған емес. Осы жылы Спартакиадаға қаланың медициналық ұйымдарынан 47 команда қатысты.

Спарткаиаданы қорытындылау күні спортшылармен қатар барлық жанкүйерлер мен көрермендер де толқу үстінде болды: гір тасын көтеруші сымбатты ер кісіге ешкім ықылассыз қарамады, эстафетадағы жүгірушілердің «ұшуына»  көз ілеспеді, ал арқан тарту сайысынан  алынған жағымды әсерлер күннің шарықтау шегі болды.  Және де қуатты және ең ұйымшыл командалар жеңіске жетті! Спорт және көктем мерекесі жағымды жағынан барлығының жадында ұзақ сақталады!

Гір тасын көтеру спорты бойынша мықты жеңімпаздар келесі орындарды бөлісті:
- 1 орын – «№1 Қалалық Ауруханасы» МҚҚ
- 2 орын – «Травматология және Ортопедия Ғылыми Зерттеу Институты» РМК
- 3 орын – «Ұлттық Нейрохирургия Орталығы» АҚ

Жеңіл атлетика эстафетасы бойынша жеңімпаз командалар:
- 1 орын – «Ұлттық Нейрохирургия Орталығы» АҚ
- 2 орын – «Онкология орталығы» МҚК
- 3 орын – "UMC" Ұлттық Балаларды оңалтудың орталығы» Корпоративтік қорының филиалы

Арқан тарту сайысы бойынша ең ұйымшыл және күшті командалар:
- 1 орын – «Туберкулезге карсы диспансер» МҚҚҚ
- 2 орын – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ
- 3 орын – «Онкология орталығы» МҚК

Барлық он бір жарыстың қорытындысы бойынша  Спартакиады-2016-ның жеңімпаздары анықталды:
1 орын – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ;
2 орын – «Медицина сот орталығы» Астаналық филиалы;
3 орын -  «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ.


Спартакиады-2016ның қорытынды кестесі.

Фотогалерея Қорытынды жарыстар Спартакиады-2016