Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

12 Февраль 2016
Еңбекші жастар және кәсіподақ

www.fprk.kz 2016 жылғы 12 ақпанда Астананың Кәсіподақ орталығында қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жалпыға Ортақ Еңбекті қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлері, еңбекші жастар, тәлімгерлер, Кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар қанатының мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Өз сөзінде Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының жұмысын жаңғырту процесі жүріп жатыр деп атап өтті. Кәсіподақтар жұмысының басым бағыттарының бірі «Қазақстан - 2050», «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламалары мен «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға белсене ат салысып жүрген еңбекші жастармен жұмыс болып отыр.

Кәсіподақ орталығы қаланың Жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде.  Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша «Ашық есік күні», кездесулер мен консультациялар түріндегі бірлескен шаралар өткізіліп тұрады. Өткен жылы Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 3600 жас ақы төленетін уақытша жұмысқа тұрып, 600 астам адам кәсіби оқу оқыса, 590 адам жастар практикасынан өтті.

Дөңгелек үстел отырысында сөз алған «Астана су арнасы» мекемесінің жастар тәлімгері Виктор Тюрненко, тележурналист  Динара Сәтжанова, «Тұлпар-Тальго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технигі Қуаныш Мұқышев, Астана стансасының поезд құрастырушысы  Аян Сұпқанғұлов, «Келешек» жастар қанатының төрағасы Төлеген Күнеділов және басқалар жас жұмыскерлердің еңбек ұжымдары мен қоғамдағы рөлі мен орнын одан әрі нығайту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, жұмысшы мамандығының беделін арттыру, жастарды жұмыспен қамту, олардың техникалық және кәсіби білімін жетілдіру және басқа да еңбекші жастардың жұмысына байланысты мәселелер бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласындағы филиалы атынан семинарға А. Сапақбаев, Ө. Кереев , К. Капарова, П. Алышкенова,  Ә.Құдайбергенов, А. Байманова, А.Май қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан кәсіподақтарының мұражайын тамашалап, Астана қаласы Кәсіподақтар орталығының жұмысымен танысты.