Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

02 Март 2015
Астана қаласының Әкімі, Кәсіподақтар Орталығы мен жұмыс берушілердің қалалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған КЕЛІСІМ

Біз, Астана қаласы Әкімінің, қалалық қызметкерлер бірлестігінің және жұмыс берушілер қалалық бірлестіктерінің (бұдан әрі - Тараптар) өкілетті өкілдері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу;
«Қазақстан – 2050» стратегиясын, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік;
әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;
лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-қимыл мен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2015 − 2017 жылдарға арналған осы Бас келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасастық.

 

1. Экономикалық саясат

«Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыру, ұлттық экономиканың тұрақтылығы, Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту және адам капиталының өсуі мақсатында Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1) экономиканың ықтимал даму нұсқалары кезінде қатерлерді азайтуға бағытталған макроэкономикалық саясатты жүргізу негізінде                                      теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал ету;
2) қабылданған мемлекеттік бағдарламаларын, Астана қаласын дамыту бағдарламаларын іске асыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру;
3) өндірісті жаңғыртуда, дамытуда және құруда инвестициялар тарту үшін кәсіпкерлерді ынталандыру және қолдау бойынша шараларды қабылдау;
4)  көлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал ету;
5) агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі жоспарларын іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
6) қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, кедергілерді жою жөніндегі шараларды әзірлеуге және бәсекелестік қатынастарды дамытуға ықпал ету;
7) табиғи монополиялар субъектілерін тариф деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;  
8) Астана қаласының экономикалық өсуін ынталандыруға бағытталған бюджет параметрлерін қалыптастыруға ықпал ету;
9) тауар өндірушілер мен қызметтер және тұтынушылар арасындағы мүдделерді тең сақтау қажеттілігіне сүйене отырып, тарифтік саясат шараларын жүзеге асыру;
10) кәсіпкерлік пен бәсекелестік еркіндігі, кәсіпкерлік қоғамдастығының өзін-өзі реттеу тетігін дамытуы, меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуі үшін жағдай жасау жөніндегі шараларды одан әрі жүзеге асыру.

2. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға және адам капиталының дамуына жәрдемдесу

Тараптар жауапкершілікті бөлу негізінде нәтижелі жұмыспен қамтуға, лайықты еңбек жағдайларын кеңейтуге жәрдемдесу және адам әлеуетін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысында дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет деп есептейді.
Бұл процестер халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-қимылымен қолдауға ие болуға тиіс. Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1. Мынадай іс-шараларды:
1) ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорын дамыту;
2) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту;
3) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
2. Экономиканың даму басымдықтарын ескере отырып, еңбек ресурстарының, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды, оның ішінде:
1) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, оның материалдық-техникалық базасын дамыту және экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне қарай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу;
2) дуальді білім беруді енгізу;
3) кадрларды даярлау және қайта даярлаудың салалық бағдарламаларын әзірлеу;
4) ұйым қызметкерлерін ішкі өндірістік оқытуды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын қызметкерлерді кәсіптік оқытуды дамыту;  
5) кадрларды сертификаттау жүйесін қалыптастыру;
6) кәсіптік білім беру және қосымша кәсіптік білім негізінде кәсіби ұтқырлықты дамыту;
3. Келісімдерде, ұжымдық шарттарда жұмыс орындарын сақтау және 50 жастан асқан адамдарға лайықты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі ережелерді қарастыру.
4. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың еңбек нарығын қорғау бөлігінде сақталуын қамтамасыз ету, жоғары білікті жұмыс күшін тарту үшін жағдай жасау.
5. Тараптар бұл ретте:
1) экономикаға қайта құрылымдау жүргізгенде, жұмыспен қамту құрылымын әртараптандыру кезінде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіру;
2) жұмысынан айрылған немесе толық емес жұмыспен қамтылған жағдайда азаматтарды қолдау және материалдық кепілдік беру құралдарын жетілдіру;
3) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер сапасын ұдайы бағалауды (мониторинг жүргізуді) жүзеге асыру қажет деп есептейді.
6. «Еңбек күнін» мерекелеу, еңбек династияларын, еңбек ардагерлерін, кәсібі бойынша үздіктерді құрметтеу бойынша іс-шаралар, еңбек бақталастық конкурсын және басқа материалдық және моральдік көтермелеу бойынша шараларды ұйымдастыру.

3. Тұрғындардың еңбек өнімділігі, жалақысы, табысы мен өмір сүру деңгейі

Тараптар қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, нақты жалақының деңгейін арттыруды, табыс саясатын жетілдіруді және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеуді қажет деп есептейді.
Осы мақсаттарда Тараптар еңбекті ұйымдастыруға және жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, экономиканы тұрақты дамыту мақсатымен еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1) тең дәрежелі жұмыстарды орындау кезінде және тиісті біліктілікке сәйкес келетін шетелдік және отандық қызметкерлер арасында еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеуге ықпал ету;
2) әлеуметтік шиеленістерге және еңбек жанжалдарының туындау қатерлеріне, еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу және Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия отырысында (бұдан әрі - Комиссия) мониторингтің нәтижелерін қарау;
3) азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізуге ықпал ету.

4. Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік ықпалдастыру

Әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1. Жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қатер туындаған жағдайда   барабар әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты мынадай:
1) сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділдікті сақтау; 
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау;
3) әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама талаптарының  сақталуы үшін әлеуметтік жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі толық төлеу, қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру) жолдарымен жалғастыру.
2. Жұмыс орнында, әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасын қоса алғанда, денсаулықты сақтауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесін таратуға жәрдемдесу.
3. Келісімдер және кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған кезде денсаулықты сақтау, сондай-ақ жұмыс істейтіндерді сауықтыру, дене тәрбиесімен және спортпен айналысуына жағдай жасау үшін жұмыс беруші мен қызметкердің ынтымақтасқан  жауапкершілігін күшейту жөніндегі шараларды көздеу. 
4. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және оларға  қолжетімді инфрақұрылымды («кедергісіз ортаны») қалыптастыру жөніндегі шараларды күшейту.
5. Тараптар  мынадай:
1) халықтың табыс деңгейі әртүрлі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу;
2) тұрғын үй және коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша консультациялар өткізу туралы уағдаласады.
6. Қазақстан Республикасында 2006 – 2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың:
1) ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге;
2) балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықтар негізінде қолдауға;
3) әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыру.
7. Келісімдер мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған кезде әйелдердің, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін көздеу.
8. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық  мерейтойы  қарсаңында, Тараптар, Ұлы Отан соғысының  мүгедектері мен  қатысушыларына, соларға теңестірілген адамдар қатарындағы бұрынғы қызметкерлерге 2015 жылдың ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тіс протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.) бойынша ықтимал шараларды іске асырады.
9. Жұмыссыздарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмысқа орналастыру, олардың еңбек жағдайларын жасау және орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесін өткізу.
10. Ұжымдық шартқа жұмыс берушімен Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алғандарға жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлеу туралы талаптарды енгізу.
11. Жұмыс берушілер қызметкерлерді сауықтыру бойынша дене тәрбиесін дамыту үшін қаражаттарды көздеуде және дене шынықтыру және спортпен айналысуға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасайды. Материалдық қорды жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшін қызметкерлерді, олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен белгіленеді.


5. Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

Келісім Тараптары адам ресурстарын сақтауды ұлттық басымдықтардың бірі деп есептей отырып, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарап:
1. Кәсіптік аурулардың алдын алу, ерте анықтау және кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін күнделікті өндірістік практикаға енгізу шараларын қоса алғанда, қызметкерлердің өмірін мен денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге.
2. Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-әрекеті үшін  ұйымдарда Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметін құруға ықпал етуге.
3. Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, оқытуға және кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті  арттыруға,  өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған превентивті іс-шараларды қаржыландыру бойынша шаралар  қабылдауға.
4. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және оны іске асыруға ықпал етуге.
5. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен оны қорғаудың жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға.
6. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№ 200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға.
7. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге.
8. Өндірістік жарақат алған қызметкерлерге материалдық және моральдік қолдау көрсетуге, олардың отбасы мүшелеріне қамқорлық және назар аударуға міндеттенеді.

6. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік

Тараптар әлеуметтік және экономикалық даму, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер  қабылдаған кезде, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет деп есептейді және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1. Тараптардың мүдделерін келісудегі Комиссия рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру және:
1) «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын және оның ілеспе Заңын ескере отырып, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
2) Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұдайы консультациялар өткізуді;
3) Келісімдердің, ұжымдық шарттардың орындалуы міндеттілігін;
4) ұжымдық шарттар мен келісімдердің орындалмағаны үшін  жауапкершілікті күшейтуді  қамтамасыз ету.
2. Әлеуметтік әріптестік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуді және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру.
3. Халықаралық еңбек ұйымының «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» № 87, «Кәсіпорындардағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» № 135 конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға ықпал ету.
Жұмыс берушілерде кәсіподақ мүшелерінен кәсіподақ ұйымына мүшелік жарнасын аудару туралы өтініш болған немесе ұжымдық шартта осы норманы анықтаған жағдайда оларды мақсаты бойынша кедергісіз аудару. 
5. Тараптар:
1) өздеріне байланысты ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың барлық шараларын қабылдауға;
2) жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің қалыптасқан тәжірибесін зерттеу және еңбек дауларын болдырмау рәсімдерін жетілдіру, қолданыстағылардың тиімділігін және қолжетімділігін арттыру және жаңа тетіктері мен оларды шешу нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
3) еңбек заңнамасы негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар, мәжілістер және әр түрлі диалогтар, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу жөнінде бірлескен оқыту тренингтерін  өткізуге;
4) шағын және орта бизнес ұйымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын  ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамытуға жәрдемдесуге;
5) жұмыс берушілер бірлестіктерінің бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы бастамаларын одан әрі дамыту, ұйымдардың әлеуметтік есептерді дайындау тәжірибесін, Халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған Халықаралық әлеуметтік жауапкершілік стандартын тарату қажеттігін қолдауға;
6) БАҚ-пен бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
7) қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға міндеттенеді;
8) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге, конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелеріне, үміткерлерден өтінімдерді бағалауды жүргізу және қортындысын қалыптастыруға қатысты материалдарды қарау жұмыстарына қатысуды қамтамасыз етуге;
9) заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері бір-бірінің қызметіне араласпау туралы қағидаларды сақтауға, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ұйымдарын құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге міндеттенеді;
10. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ұйымның экономикалық әлеуетін арттыруда, заңнамалық нормаларды сақтауда, әлеуметтік әріптестіктің тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда, тәртіпті нығайтуда ұжымдық шарттың ролі туралы семинарлар, мәжілістер және түсіндіру-насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Келіссөздер процессін жүргізуге және ұжымдық шарттар жасасуға жәрдемдесу.

7. Келісімнің  қолданылуы және оның орындалуын бақылау

Тараптардың осы Келісімнің ережелерін орындауын үйлестіру мақсатында, Тараптар төмендегі туралы келісті:
1. Тараптар Келісімді Астана қаласында 2015 − 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын дайындау және іске асыру кезінде басым бағыттар мен қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты деп таниды.
2. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3. Осы Келісім келіссөздер және ұйымдарда ұжымдық шарттар жасау үшін негіз болады.
4.  Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелері мен Комиссияның ұсынымдары (шешімдері) ұжымдық шарттар жасаған және нормативтік құқықтық акті қабылдаған кезде ескерілуі тиіс.
5. Кейінгі жылдарға арналған Келісім 2018 жылғы ақпаннан кешіктірілмей жасалады.
6. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды тиісті жылдың наурыз айынан кешіктірмей қабылдайтын болады.
7. Осы Келісімнің қолдану кезеңінде және міндеттемелерін орындаған жағдайда Келісімге қол қойған қызметкерлердің қалалық бірлестіктері Тараптар арасындағы даулы жағдайларды тиісті деңгейлерде және Комиссияда      алдын ала қарамай және шешпей ереуіл өткізбейді.
8. Тараптар нақты орындау мерзімі мен орындауға жауапты мүшелерін көрсете отырып, оны Комиссияның бекітуімен қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
9. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
10. Келісімнің орындалу барысын бақылауды, Тараптар Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
11. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Комиссия жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды.
12. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын жариялау мақсатында Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отыруды қамтамасыз етеді.
13. Осы Келісім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.
14. Келісім мемлекеттік органдарда, қызметкерлер мен олардың өкілдеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығына қолданылады.
15. Тараптар Келісімде көзделген, өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
16. Келісімнің мәтіні екі апта мерзімде «Астана ақшамы» және «Вечерняя астана» жергілікті баспа басылымдарында жарияланады.
Астана қаласында 2015 жылғы 12 ақпанда 4 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы бар.

Осы келісімге мыналар қол қойды:
Астана қаласы әкімінің атынан:
Астана қаласы әкімінің орынбасары
Е.Ә. АМАНШАЕВ
__________________________

Қызметкерлердің бірлестіктері атынан:
Астана қаласы
Кәсіподақтар орталығының төрағасы
С.Б. МЫҢБАЕВ
__________________________

Жұмыс берушілердің өкілдері атынан:
Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры
М.С. МӘЖИТОВ
__________________________

Астаналық Жұмыс берушілер одағының төрағасы
А.Н. ЖИТНИКОВ
__________________________