Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

25 Апрель 2014
«Денсаулық» сауықтыру орталығындағы кәсіподақ мүшелерінің демалысы туралы

2013 жылдың қазанынан бастап Іле-Алатау ұлттық парктің Түрген шатқалында, тау өзенінің жағасында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы қаражатына салынған «Денсаулық» сауықтыру орталығы қонақтарды қабылдай бастады. Ашылған күнінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Денсаулық» сауықтыру орталығы Астана филиалынан 52 кәсіподақ мүшелерін қабылдады. Бір жолдаманың құны 70 (жетпіс) мың теңге. Кәсіподақ мүшесіне жолдама құнының 50 % Кәсіподақ филиалы төлейді.Сауықтыру орталығыдемалыстың және емнің қолайлы өтуіне көп назар аударады.

 
Кәсіподақ мүшелері осындай керемет орында демалып, бойларына сергектік қуатын алады. Сауықтыру орталығы бахатах шаруашылығына жақын жерде орналасқан. Таулы орманды көрініс,  тау өзендерінің ағысы бұл алқаптағы демалысты және сауығуды әдемі және ұмытылмастай етеді.

Жыл басталғалы Сауықтыру орталығында травматология және орторедия ғылыми зерттеу институтынан 6 қызметкер демалды.
1.     Ислямова Гүлден Иманжүсіпқызы, ОСЛ, шаруашылық бикесі;
2.     Асылбекова   Айгүл Леонидқызы,  есепші, қаржы-экономикалықтобы;
3.     Әлімжанова Найля Қалиақбарқызы, есепші, қаржы-экономикалықтобы;
4.     Рогачева Елена Григорьевна, функционалды диагностика және биомеханика бөлімінің меңгерушісі;
5.     Цыпкина Светлана Владимировна, № 1ортопедиябөлімінің жара таңу мейірбикесі;
6.     Нұрпанова Ботагөз Сүлейменқызы, жұқпалы ауруларды бақылау мейірбикесі. 

Функционалды диагностика және биомеханика бөлімінің меңгерушіс Е.Г. Рогачеваның пікірін ұсынамыз (тұпнұсқасы орыс тілінде):
 «... жарты жыл бұрын медицицна қызметкерлері Кәсіподағымен салынған «Денсаулық» шипажайына жолдама ұсынылды. Ойлануға уақыт болмастан, Іле-Алатау тауынада келіп жетіп, сарқырап аққан өзен жағасындағы, гүлдеп тұрған өрік ағаштарына тамсана қарап тұрмыз. Екі күн жауған қар – бізді қысқа алып келгендей әсер қалдырды. Шипажайда бізді жарқын жүзбен күтті, мінсіз тазалықпен жайлылылық, 5-уақыттық тамақ, тамаша  қарым – қатынас, қызықты және танымдық саяхаттар болды: түйеқұс фермасына, Есік қаласындағы тарихи мұражайға, Медеу және Шымбұлақ тауларына». Күн бойы жазылып қойылған: жүгіретін жол, жаттығу залы, йога, шығыс биі, аквааэробика, сауна мен тамаша  бассейн, бізді зеріктірмеді. Бұдан былай сауықтыруға  көңіл бөлуді (ем алуға емес) алға қойып, жалғастыруға үміттенеміз.
Бес күн ішінде әбден әлденгеніміздің арқасында Медеу бөгетіндегі «денсаулық баспалдағының» 838 басқышына оңай көтерілдік. Осындай уақытта туған еліміз Қазақстан үшін ерекше мақтаныш сеземімен боласың.
Сонымен бірге, бізге осындай әсем демалыс мүмкіндігін бергеніне, жаңа достар тапқанымызға, өмір салтымызды өзгерткенімізге және жұмысқа жаңа күш-қуатпен оралғанымыз үшін өзіміздің кәсіподақ комитетіне және Қарлығаш Амангелдіқызына ерекше алғыс айтқымыз келеді»
 



 

Фотогалерея "Денсаулык"