Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

07 Сентябрь 2015
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді
Обязательное социальное медицинское страхование
www.mzsr.gov.kz Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бейресми төлемдер деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
25 Август 2015
«Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында "Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинар өткізілді.

2015 жылдың 24-25 тамызында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді. 

14 Июль 2015
Еңбек Кодексіне енгізілетін өзгертулер қарастырылуда
www.fprk.kz 2015 жылдың 10 шілдесінде жұмыс комиссиясының бірінші жиналысы өтті, онда жаңадан басылған Еңбек кодексі қаралды. Оның құрамына Қазақстан Республикасы кәсіподақ Федерациясы және салалық кәсіподақтардың басшыларынан құралған сарапшы тобы кірді.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР кәсіподақтар Федерациясының өткен съезінде 2015 жылдың 15 тамызында дейін Еңбек Кодесінің жаңа жобасы әзірленеді деп уәде берген болатын.

07 Июль 2015
Тоқсан сайын шығатын «Кәсіподақ Жаршысы» ақпараттық бюллетенінің арнайы нөмірі жарық көрді.
Тоқсан сайын шығатын  «Кәсіподақ Жаршысы» ақпараттық бюллетенінің арнайы нөмірі жарық көрді. №2 (40) Июнь 2015 (pdf).
21 Июнь 2015
Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!
 
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелерңіз - медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бұл мереке адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін дәрігерлердің ерен еңбегінің барша жұртшылықпен бағаланатын күні. Медицина қызметкерлерінің толассыз еңбектерінің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр.
Тәжірибелерңіз, жанашырлықтарыңыз бен мейірімділік қасиеттеріңіз және кәсіби адалдықтарыңыз сізді қоғамның ең биік сатысына шығарады. Осы игілік нұрын төккен абыройлы еңбектеріңіз өнімді болып, халық алғысына бөленулеріңізге тілектеспін! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас бақыт, әр істеріңізге сәттілік, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-дәулет және аңсаған армандарыңыздың орындалуын тілеймін!

Ізгі тілекпен:
«Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің
салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы 
филиалының төрағасы                                                                Б.А.Тәжібай   
11 Июнь 2015
2015 жылдың 10 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының XXIV съезді болып өтті
www.zdravunion.kz Аталған съезде ҚР кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсаинов  өзінің есептік баяндамасында: «Биылғы жыл – еліміздің кәсіподақтары үшін ерекше. Бұл жыл Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің 110 жылдығы және кәсіподақтар Федерациясының құрылғанына 25 жыл. Осы елеулі  күндер кәсіподақ қозғалысын ұйымдастырудың басталуы мен тәуелсіз мемлекетті құруға қатысуға дейінгі  тұтас бір дәуірді қамтиды. Қазіргі таңда кәсіподақтар үкіметпен және  бизнеспен бірлесе отырып әлемде болып жатқан жағдайларды тез арада қабылдау және барлығы бірге әрекет жасау қажеттігін түсіне отырып қазіргі қоғамның дамуына белсене қатысуда. 
05 Июнь 2015
«Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Көшбасшылар үшін органайзинг» атты тақырыпта семинарын өткізілді

2015 жылдың 4-5 маусымында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Көшбасшылар үшін органайзинг» атты тақырыпта алғашқы семинарын өткізді.  Ұжымдық іс-қимыл арқылы, өз қолымен жағдайды өзгертуге ниетті адамдардың күшті және белсенді ұйымдарын құру бойынша ең тиімді стратегиялардың бірі органайзинг болып табылады.

28 Май 2015
Спартакиада-2015 өз мәресіне жетті

2015 жылдың 28 мамырында Х.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Астана қаласы медициналық ұйымдардың арасында Спартакиада- 2015 аясында гір тасын көтеруден, жеңіл атлетикалық эстафетадан, арқан тартудан жарыстар өтті. Спартакиада аясындағы соңғы болған жарыстар жалпы спортшылар мен жанкүйерлерге мереке сыйлап, жеңімпаздарды анықтап берді. 

21 Май 2015
Еркін жүзу бойынша жарыс өтті
2015 жылғы 21 мамырда «Қазақстан» Спорт кешенінің үлкен бассейнінде еркін стильде 50 м қашықтыққа жүзу бойынша жарыстар өтті. Жұптарға бөлінген командалар өкілдері үлкен бассейнде жарысқа түсті. Әр командадан бір ер адам мен бір әйел адам қатысты. Барлық қатысушылар өздерінің жүзудегі жылдамдықтарын көрсетті. 

Жарыс нәтижесі бойынша келесі жеңімпаз командалар анықталды:
1 орын – «№ 2 қалалық Балалар Аурухана» МҚК
2 орын – «Травматология және Ортопедия Ғылыми Зерттеу Орталығы»
3 орын – «Кардиохирургия Ұлттық Ғылыми Орталығы» АҚ

20 Май 2015
Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» (толық мәтіні)

ak-orda_6_20120429_1065602772BNews.kz «100 нақты қадам» – Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялады деп хабарлайды Businessnews.kz.
«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

 < 1 2 3 4 >