Жаңалықтарды тарату

Сауалдама

Загрузка...

Фотогалерея


Жаңалықтар және уақиғалар

21 Апрель 2016
Қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Профсоюзный центр и маслихат Астаны подписали меморандум о сотрудничестве

http://astana.gov.kz Бүгін елорда әкімдігі ғимаратында Астана қаласы мәслихатының депутаттары кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті. Тараптар қалалық мәслихат пен кәсіподақ орталығының арасындағы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуге мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

22 Март 2016
21 Март 2016
Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері Наурыз мерекесінде баспаналы болды
Врачи скорой медицинской помощи отмечают новоселье на Наурыз
http://astana.gov.kz
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Жедел медициналық жәрдемнің 30 дәрігеріне пәтер кілтін табыстады. Салтанатты шара Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтті.
Мерекелік шара жедел медициналық жәрдем станциясы аумағында ұйымдастырылды. Әртістер мен қызметкерлер ұлттық киімдер киіп, Наурыз мейрамын қарсы алуға жиналды.
– Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Биыл қала бойынша көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететін кешенді жоспар әзірленді. Бүгін пәтерлердің кілтін табыстап отырмыз. Сонымен қатар, аталған кешенді жоспарға сәйкес, жедел медициналық жәрдемнің үлкен кешенінің құрылысы қолға алынған. Медициналық қызметтер сапасын арттыру үшін сіздерге барынша жағдайлар жасалады, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары.
17 Март 2016
ҚР ДСӘДМ-де азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті
В МЗСР РК прошло первое заседание Общественного совета по взаимодействию с гражд

http://www.mzsr.gov.kz
Бүгін ҚР ДСӘДМ Министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанындағы азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген Министр Қоғамдық кеңес жұмысының басталуы министрлік қызметінің халық алдында әрі қарай ашық бола түсетініне сеп болатынын айтты.
Қоғамдық кеңес құрамына ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ҮЕҰ өкілдері кірді.
ҚР ДСӘДМ жанындағы Қоғамдық кеңестің басшысы болып «Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің Қазақстандық салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Бақытжан Тәжібай сайланды.

12 Февраль 2016
Еңбекші жастар және кәсіподақ

www.fprk.kz 2016 жылғы 12 ақпанда Астананың Кәсіподақ орталығында қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жалпыға Ортақ Еңбекті қалыптастырудағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлері, еңбекші жастар, тәлімгерлер, Кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар қанатының мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

06 Январь 2016
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы
www.akorda.kz 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді.
Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.
Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді.

31 Декабрь 2015
20 Ноябрь 2015
«Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында "Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар» тақырыбында семинар өткізілді.

2015 жылдың 19-20 қарашасында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы, «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Кәсіподақтағы жастар белсенділеріне арналған медиациялық дағдылар: кикілжің/дау жағдайларында қолданылатын құралдар» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді. Семинарға 25 тыңдаушы қатысты. Тренер-супервайзер Махаббат Мақсұтқызы Еспеновамен бірлесе тренер ретінде  алғашқы тренерлерді даярлау курстық оқудан өткен Сұлтанов Сухраб (медициналық колледж «Даналық») және Мұғалбек Ақгүл (№1 перинаталды орталық) жүргізді. 

29 Октябрь 2015
«Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі. Көшбасшылар үшін органайзинг» атты тақырыпта семинарын өткізілді

2015 жылдың 28-29 қазанында Ф.Эберт қорының қолдауымен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігігінің Астана қаласындағы филиалы, «КАМЕДА»  зерттеу және консалтинг орталығымен бірлесе отырып үш семинар-тренингтан тұратын «Кәсіподақ қозғалысының белсенділері» курстық оқу аясында «Жастар кәсіподақ көшбасшылары, мәселелері және келешегі» атты тақырыпта екінші семинарын өткізді.

01 Октябрь 2015
Еңбек күнімен арнайы құттықтау

Еңбек күніне арналған іс-шара аясында, Астана қаласының Кәсіподақтар Орталығы әлеуметтік серіктестерімен бірлесе отырып 27 қыркүйек күні Елорда халқын және қызметкерлерді арнайы құттықтады. Акцияның мақсаты еңбек адамының мәртебесін көтеру және насихаттау. Кәсіподақ қызметкерлері және «Келешек» жастар қанатының мүшелері емдеу мекемелерінде, сауда орталықтарында, оқыту мекмелерінде және қоғамдық көліктердің ішінде Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы атынан, әкімшілік атынан, және Кәсіподақ Орталығы атынан  құттықтау хаттарын берді. Акцияға екі мыңға жуық адамдар қамтылды.

 1 2 3 >